10:22, 03 Тамыз 2022
Пелосидің Тайваньға сапары: рейсті бүкіл әлемнен 2,92 миллион адам бақылаған
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға ұшқан ұшағын әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2,92 миллион адам тамашалады.
Бұл туралы Flightradar24 - әуе кемелерінің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін сервис хабарлады.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген SPAR19 рейсі Куала-Лумпурдан ұшып шыққаннан бастап Flightradar24-те белсенді рейстер ішінде ең көп қадағаланған рейс болды.
Тайбэйге қонған кезде SPAR19-ды бүкіл әлем бойынша 708 000-нан аса адам бақылап отырған, бұл Flightradar24 тарихындағы ең көп бақыланған тікелей рейс болды. Куала-Лумпурдан Тайбэйге дейінгі жеті сағат ішінде рейсті 2,92 миллион адам бақылаған