Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 01 Қараша 2021

Пенжімдегі төбелес: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

None
None

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Пенжімдегі оқиғадан зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты.

«2005 жылы туған науқас травматология бөлімінде жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімінде жатыр. Толық ем қабылдайды. Екі науқастың да жағдайы орташа ауыр», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланған болатын. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды.

Тегтер: