Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Перизат Қайрат пен оның анасы Алашбаеваның мүлкі тәркіленуі мүмкін

Қайрат
Фото: БАҚ

Айыптаушы тарап қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеп, жәбірленушілерге өтемақы ретінде беруді ұсынды.

Тәркіленуі мүмкін автокөліктер:

  • Mercedes Benz S450;
  • Lexus LX 600;
  • Haval H6 GT;
  • Mercedes Benz Iq 500.

Астана қаласындағы жылжымайтын мүлік:

  • Жеке үй – Vela Village коттедж қалашығында, Е-899 көшесі;
  • Жер учаскесі;
  • Akbulak Riviera ТК-дегі пәтер – Амман көшесі, 21;
  • Sensata Group ТК-дегі пәтер – Тәуелсіздік көшесі, 56/2;
  • Көк Жайляу ТК-дегі пәтер – Қазыбек би көшесі, 7а;
  • Highvill Gold Ishim ТК-дегі пәтер – Нажімеденов көшесі, 2;
  • Highvill Gold Ishim ТК мен Akbulak Riviera ТК-дегі тұрақ орындары.

Қайрат Перизаттың дебиторлық берешегі – 46,7 млн теңге. Федерацияда тұрған ақша – 10 млн теңге (Үстел теннисі федерациясының шотында). Тәркіленетін үлестер мен мүліктер:

  • Rebel Flowers компаниясындағы 100% жарғылық капитал үлесі;
  • Қылмыстық жолмен алынған ақшаға сатып алынған қымбат сөмкелер, зергерлік бұйымдар, аяқ киім және аксессуарлар;
  • Перизат Қайрат пен анасы Ғани Алашбаеваның жеке шоттарындағы қаражат;
  • Таратылған қайырымдылық қоры мен гүл дүкенінің шоттарындағы қаражат (гүл дүкенін Перизат Қайрат сатып алған).

Сөзінің соңында прокурор Мадина Оразалина қатқыл мәлімдеме жасады:

– Садақа – мансаптың құралы емес. Халықтың сенімі – әмиян да, бренд те емес. Ол – аманат. Ал аманатқа опасыздық еткен адам мәңгілік жарыққа шығарылып, әшкере болады.

Соңғы мәлімет бойынша, алаяқтық ісі бойынша өтіп жатқан Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның соты жабық форматқа ауысты. Прокурорлар Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды және 10 жыл бойы қайырымдылық қызметімен айналысу құқығынан айыруды сұрады.