Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

Перизат Қайраттың апелляциялық шағымы бойынша сот күні тағайындалды

Қайрат
Фото: zhasalash.kz

Алаяқтық үшін сотталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымын сот 24 қыркүйекте қарайды.

Еске салайық, Астана соты Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындаған. Ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды. Сондай-ақ екі әйелден 50 жәбірленушінің пайдасына 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндіру туралы шешім шыққан.

Олар қайырымдылық атымен 3,5 млрд теңгеге жуық қаржыны иемденді деп айыпталды. Бұл қаражат балаларға арналған оңалту орталығын салуға, Палестина халқына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жиналған. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша люкс тауарларға, пәтерлерге, көліктерге және саяхаттарға жұмсалған.