Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:30

Перизат Қайраттың көлігі сатылмай қалды: автокөлік мемлекет балансына берілуі мүмкін

А
Фото: ашық дереккөз

Алаяқтық үшін сотталған «қайырымдылықпен» айналысқан Перизат Қайраттың тәркіленген көлігі мемлекеттік органдарға тегін берілуі мүмкін.

 Бұған дейін люкс санатындағы седанды аукцион арқылы сату әрекеті жасалған. Бұл туралы Nege.Aqsha жазды.

Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ерекше мемлекеттік нөмірі бар — 777KPK01 нөмірлі Mercedes-Benz S450 автокөлігін саудаға шығарған. Бағалау есебіне сәйкес, көліктің құны 79,4 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ көлікпен бірге Pandora сигнализация жүйесі орнатылған кілт те берілген.

Неге көлік тегін берілуі мүмкін?

Заңға сәйкес, егер бірнеше кезеңнен тұратын сауда барысында сатып алушы табылмаса, мүлік мемлекеттік мекемелердің балансына берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл автокөлікті қай мемлекеттік органның қарамағына беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салайық, Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған.

Тергеу мәліметінше, олар Палестина тұрғындарына көмек көрсету, Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдем беру және балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін қаражат жинау желеуімен шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденген.

Жиналған қаражат элиталық жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер, брендтік аксессуарлар және шетелдік сапарларға жұмсалған.