Бүгін, 17:10
Перизат Қайраттың пәтерлері Астана әкімдігіне, ал көліктері полиция департаментіне берілді
Астанада сот шешімімен тәркіленген Перизат Қайраттың элиталы тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлері қалалық әкімдік есебіне алынды. Бұл туралы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және «Көк Жайлау» кешендеріндегі пәтерлері мен автотұрақ орындары әкімдік арқылы рәсімделген.
Mercedes-Benz S450 және Haval H6 GT Астана қаласының полиция департаментіне берілді. Ал Lexus LX 600 Қаржылық мониторинг агенттігінің қарауына өтті.
Еске салайық, 2025 жылдың шілдесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.