Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:06

Перуде президент жемқорлық ісіне байланысты қызметінен шеттетілді

1
Фото: ашық дереккөз

Перудің Конгресі жемқорлыққа қатысты тергеу аясында ел президенті Хосе Хериді қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

 Парламент бұл қадамға президент сайлауына бірнеше апта қалғанда барды. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Осылайша Хери соңғы он жылға жетпейтін уақытта қызметінен кеткен Перудің жетінші президенті атанды. 39 жастағы заңгер мемлекет басшысы қызметіне былтыр қазан айында бұрынғы президент Дина Болуарте отставкаға кеткеннен кейін келген еді. Оның өкілеттік мерзімі шілде айында аяқталуы тиіс болған.

Алайда саясаткерге қатысты жемқорлық пен ықпалын асыра пайдалану дерегі бойынша алдын ала тергеу басталды. Тергеуге Қытай кәсіпкерлерімен жарияланбаған кездесулер себеп болған. Хосе Хери тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Енді уақытша президент парламент депутаттарының арасынан таңдалады. Ал Перудегі кезекті президент сайлауы 12 сәуірге белгіленген.

Тегтер: