Петропавл тұрғыны алаяқтық жолмен айырылған 1 млн теңгесін қайтарып алды
Петропавл тұрғынына белгісіз біреу мобильдік қосымша арқылы алаяқтық жолмен 2 млн теңге несие рәсімдеген. Соттың шешімімен зардап шегуші соманың жартысын қайтарып алды.
Петропавл қаласының №2 сотына облыс орталығының тұрғыны ақшасын өңдіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.
Арызданған әйелдің айтуынша, 2003 жылдың қаңтар айында оған белгісіз біреу хабарласып, өзін «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, мобильдік қосымша арқылы алаяқтық жолмен 2 млн теңге несиені рәсімдеген.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Қылмыстық істі тергеу барысында несиеге алынған қаражаттың бір бөлігі – 1 млн теңге сол күні жауап берушіге тиесілі шотқа аударылғаны анықталды.
Азаматтық кодекстің 953 бабына сәйкес негізсіз иемденген мүлікті иесіне қайтаруға міндетті.
Тергеу барысында талап берушінің шотынан жауапкердің шотына ақшалай қаражат аударылғаны анықталды, бұл және жауапкердің ақшаны алғанын банк растады.
Осыны ескере отырып, сот талап арызды толығымен қанағаттандырды. Жауапкер талап берушіге 1 млн теңгені қайтарып беруі тиіс.