Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:03, 21 Наурыз 2022

Петропавл жылу орталығында бір адам іздестіріліп жатыр

None
None

Кеше Петропавл жылу электр орталығында төтенше жағдай болған болатын. Қазірде ЖЭО құлаған мұржа үйінділерінің арасынан бір адам іздестірілуде.

Әзірге оның тірі не өлі екені белгісіз, деп хабарлайды «Жас Алаш»

Петропавл жылу электр станциясының биіктігі 120 метрлік алып мұржаларының бірі бүгін кешке құлаған болатын. Апаттық жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Кәсіпорын жұмысшыларын түгендеу кезінде біреуінің жоқ екені анықталды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай, жедел жәрдем, прокуратура және полиция қазметкерлері жұмыс істеп жатыр. Нысан түгелдей қоршауға алынып, аумағына бөгде адамдарға өтуге тыйым салынған.

Кәсіпорында 800-ге тарта адам еңбек етеді. Әлі де 200 жұмысшының орны бос тұр. Ұжым басшылығының айтуынша, оның басты себебі жалақының аздығы.

Электр станциясындағы 12 қазандықтың екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Құлаған мұржа үгінділері қанша аумаққа шашылғаны белгісіз. Қала тұрғындары ыстық судың жоқтығына және жылу батареяларының салқындап кеткеніне шағымдануда.

Тегтер: