Бүгін, 09:25
Петропавлда белсенді Вадим Курамшин 10 тәулікке қамалды
Петропавл соты белсенді Вадим Курамшинді әлеуметтік желіде «жалған ақпарат таратты» деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша айып тағылған.
Іс белсендінің 2 наурыз күні Instagram және TikTok желілерінде жариялаған видеосына байланысты қозғалған. Видеода Курамшин «Конституцияны талқылаған жазбалар үшін адамдарды полиция қамап жатыр» деп мәлімдеген.
Сот отырысында Вадим Курамшин өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Айта кетейік, Курамшин бұған дейін Қазақстан түрмелеріндегі сотталғандардың құқығын қорғаумен айналысқан. Кейін өзі де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 12 жылға сотталған. Ол 2018 жылы түрмеден босап шыққан.