Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:04

Петропавлда Украинадағы соғыста қаза тапқан азаматтың ісі бойынша шешім шықты

Солтүстік
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласында 36 жастағы Александр Брызгалинге қатысты ерекше сот процесі аяқталды. 

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін айыпталған. Алайда сот барысында айыпталушының әлдеқашан қайтыс болғаны анықталған.

Тергеу органдары ер адамға ҚР ҚК 172-бабы («Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша айып таққан. Тергеу нұсқасына сәйкес, Брызгалин соғыс қимылдарына Ресей жағында қатысқан.

Сотта белгілі болғандай, іс өндіріске түскен кезде айыпталушы тірі болмаған. Оның қайтыс болғаны Омбы облысының АХАТ органдарында 2024 жылғы 12 қарашада ресми тіркелген.

Заңға сәйкес, күдіктінің қайтыс болуы істі тоқтатуға толық негіз болып саналады. Соған қарамастан, іс сотқа дейін жеткен. Марқұмның анасы тергеу барысында оған істі ұлының қайтыс болуына байланысты тоқтату құқығы түсіндірілмегенін айтқан.

Судья Елена Аушакимова істі тоқтатты, алайда тергеу органдарына қатысты жеке қаулы шығарды. Құжатта қайтыс болған адамды сотқа беру заң нормаларына тікелей қайшы келетіні атап өтілген.

«Қылмыстық қудалау сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде тоқтатылуы тиіс еді. Анықталған заңбұзушылықтарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне жолданды», — деп хабарлады сот.

Осылайша сот тергеу әрекеттерін өрескел қателік ретінде бағалап, бұл жағдайды енді тиісті органдар ішкі тәртіппен қарастыратынын мәлімдеді.