Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:00

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

Әскери борыш
Фото: из открытых источников

  Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында курсанттар арасында жаппай төбелес болды. Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Әртүрлі деректерге сүйенсек, жанжалға 20-дан 40-қа дейін адам қатысқан. Қақтығысқа оқу орнында білім алып жатқан Тәжікстан азаматтары да қатысқан деген ақпарат бар.

Академияның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, төбелес бірінші курс студенттері арасында болған. Бірнеше курсант жеңіл жарақаттар – сызаттар мен көгерулер алған. Оларға медициналық көмек сол жерде көрсетіліп, ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Тегтер: