09:19, 21 Наурыз 2022
Петропавлдағы ЖЭО құбыры құлаған сәт түсірілген видео тарады
Петропавлдағы ЖЭО құбыры құлаған сәт түсірілген видео тарады, -деп хабарлайды Жас Алаш Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, бүгін Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі опырылғаны хабарланған болатын.
«Севказэнерго» баспасөз қызметі ақпаратты растап, оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатқанын, жұмысшыларды түгендеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Құрылымның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна.