Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша әзірледі
Петропавл қаласының №1 қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейінің педагог-мастеры Сергей Никулин «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша БЖБ, ТЖБ, емтихандарға дайындалу үшін «Қазақстан тарихы бойынша тесттер» мобильді қосымшасын ойлап тапты.
Қосымшада тарих туралы білімді ойын түрінде бекітуге көмектесетін көптеген интерактивті тапсырмалар бар. Сондай-ақ,130 тақырып бойынша 4726 сұрақ бар.
«Бір шәкіртім Қазақстан тарихын түсінуге қиналатын, бірақ ол информатиканы жақсы көретін. Сосын екі пәнді біріктіріп, қиын тақырыптарды оңай жаттап, өзін-өзі сынап көруі үшін смартфон қосымшасын жасауды ұсындым. Бұл идея мыңдаған мектеп оқушылары мен ұстаздарға ұнады», — деп бөлісті ұстаз-шебер.
Ұстаз облыста ҰБТ-ға дайындық бойынша «Қазақстан тарихынан 4000 жауап», «Қазақстан тарихының қысқаша курсы», «Қазақстан тарихының мектеп курсы», «Қазақстан тарихынан 4000 жауап», ҰБТ-ға дайындық бойынша әдістемелік құралдардың авторы ретінде танымал. Қашықтан оқыту сабақтарының және өзінің «Тарихшы Никулин» веб-сайтының және «Закрома историка» интернет-ресурсының әзірлеушісі. Мұғалім Өрлеудегі біліктілікті арттыру курстарында педагогикалық тәжірибесімен белсенді түрде бөлісіп, облыс мұғалімдеріне шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.