ПИК-тер жалған қолмен талай шаруаны тындырып отырған

06.10.2018, 01:12

123

Алдағы аптада парламентте  тұрғын үй-коммуналды шаруашылыққа қатысты заң жобасы таныстырылады. Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі департамент мамандары жаңа заң жобасының мақсаты мен атқарар міндеттері қандай болмағаны  «Жас Алаш» сайтына айтып берді.Басты мақсат – ортақ үйді күтіп ұстауДепартаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, заң жобасы мәжіліс қарауына 17 қыркүйекте енгізілген Енді 11 қазанда мәжілістің пленарлық отырысында оның тұсаукесері өтеді.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеудің мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау, оны ресімдеу тәртібі, ортақ мүлікті күтіп-ұстау үшін күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат жинау бөлігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ осы процестерге меншік иелерінің өздерінің қатысуын қамтамасыз ету,– дейді департаменттің баспасөз қызметі.Жалған қол қоятын ПИК басшылары көбейгенЖоба Қазақстанда пәтер иелері кооперативінің тәжірибесінен бас тартып, көппәтерлі тұрғын үйлердің басқаруына басқа ұйым әкелуді көздейді. Дегенмен, департамент мамандары пәтер иелері кооперативі, яғни ПИК-тер мүлде жойылмайтынын айтады.–Иә, заң жобасымен қолданыстағы пәтер иелері кооперативтерінен бас тарту көзделген, бірақ бұл дегеніміз олар жұмысын тоқтатады, жойылады деген сөз емес. Жұмыс жасап жатқан пәтер иелері кооперативтері заң жобасының өтпелі ережесінде көрсетілгендей жарты жылға дейінгі мерзімде сервистік компаниялар болып қайта тіркеледі және тек мүліктің меншік иелері бірлестігімен немесе қарапайым серіктестікпен жасалған шарт негізінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету жұмыстарын әрі қарай жалғастыра алады, – дейді департамент мамандары.Ал, ПИК-тердің тікелей қызметінен бас тартудың бірден бір себебі, департамент мамандары атап өткендей,  олардың жұмысына халықтың наразылығы, басым бөлігінің жиналған ақша туралы ашық ақпарат таратып, есеп ұсынбауы, сапасыз қызмет болған.Ең тұрпайысы, тұрғындардың келісімін алатын мәселелерде кейбір ПИК басшылары жалған қолдар арқылы төрағаға ыңғайлы шешім қабылдап отырған.«Тұрғындардың арыз-шағымдарына тоқталсақ,  заң жобасын әзірлеген кезде осы саладағы қоғамдық ұйымдардың, бірнеше тұрғын үй кешендеріндегі халықтың министрлік пен Үкіметке жолдаған ары-шағымдарын да ескердік», – дейді мамандар.Тұрғын үй қатынастарының қазіргі жүйесін  реформалау мақсатында, заң жобасында кондоминиум объектісін басқару үшін коммерциялық емес ұйымның жаңа формасы – мүліктін меншік иелерінің бірлестігін құру қарастырылған. Бұл дегеніміз бір ғана көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер және тұрғын емес үй-жайлар иелерінен тұратын, кондоминиум объектісін басқаратын, күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңды тұлға. Айта кететіні, егер көппәтерлі тұрғын үйде пәтер иелері саны оннан аспаса бірлесіп басқаруға (қарапайым серіктестік құруға) рұқсат беріледі.Бір үй – бір шотЗаң жобасындағы тың жаңалықтың бірі, тұрғын үйді басқаратын кондоминиумның қаржысының ашықтығы. Құжат арқылы тұрғын үйлерді басқару мен күтіп ұстаудың жаңа формасы «бір үй – бір мүліктін меншік иелерінің бірлестігі – бір шот» принципі бойынша тұрғын үй қорын басқарумен күтіп ұстау көзделген. Бұрын пәтер иелерінің кооперативтері бір қалада қатарынан бес, он, тіпті он бес-жиырма тұрғын үйге қызмет көрсетіп, әрқайсысынан жеке-жеке ашқа жинап отырса, осы заң жобасымен бұл тәжірибеден бас тарту көзделген.Яғни, бір кондоминимум екінші деңгейлі банктерден тек бір шот  аша алады. Ал, тұрғын үйге күрделі жөндеу керек болса, онда күнделікті атқаратын жұмыстарының ақысы түсетін бір шот пен күрделі жөндеуге ақша жинау үшін арнайы екінші шот ашады. Бірақ, бәрі бір осы екі шотты екі түрлі компания емес, бір компания ғана ашып, ондағы қаражатты бір өзі ғана басқарауы және халыққа ашық есеп беріп отыруы тиіс.–Осы ұсыныстар тұрғындардың қаражатын мақсатты жұмсап, халықтың басқару компанияларына деген сенімін арттырып, жұмыстарына қанағаттануы септігін тигізеді деп сенеміз, – дейді департамент мамандары.ТКШ-ның қазіргі тынысы қандай?Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес екі және одан көп үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелеріне тиесілі тұрғын үйлерде, кондоминиум қалыптасады, ол жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай кешен ретінде тіркеуден өтуі қажет. Жергiлiктi атқарушы органдардың деректерi бойынша Республикалық есепте 78 мыңнан астам көппәтерлi тұрғын үй бар, оның тек қана 21 мың (27,2%) шамасында кондоминиум объектiлерi ретінде тiркелген.–Айтқанымыздай, пәтер иелері кооперативтері материалдық пайда көру мақсатын көздей отырып, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың нормаларын мойындамай оннан астам көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ көптеген жағдайларда пәтер иелері кооперативтері әрбір кондоминиум объектісіне жинақ шоттарын ашпайды, тұрғындардың формалдық жиналыстары өткізеді, жиналған жалған қолдар негізінде шешім қабылдайды. өзінің қызметтері туралы есептер ұсынбайды, — дейді департамент мамандары.Айта кетейік, осы Заң жобасын әзірлеу үшін былтыр қазанда министрдің бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, оған 55 адам тіркелді. Жұмыс тобы құрамына мүдделі мемлекеттік және атқарушы органдардың өкілдері, Астана және Алматы қалаларының тұрғын үй басқармасының және тұрғын үй инспекциясының мамандары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының өкілдері бар.Заң жобасының тұжырымдамасы министрліктің ашық интернет ресурсына 2017 жылғы 26 шілдеде, заң жобасы алғаш рет 2017 жылғы 25 желтоқсанда, ал пысықталған нұсқасы 2018 жылғы 13 шілдеде жүктелген.  Құжат электронды үкіметтің «Ашық НҚА» порталында 2017 жылдың 22-інші желтоқсанынан бастап, 2018 жылдың 5-інші қаңтарына дейін талқыланған.Сондықтан, департамент мамандары заң жобасы жоғары дәрежеді жан-жақты талқыланып, мәжілістің қарауына толық ұсына алатын құжатқа айналды дейдіФото: sputniknews
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31