Плагиаттық ғылымды тонау ма, әлде қорлау ма ?

Бұрын ғылымға мәңгілік ізденісті серік еткен, үнемі кемелойдың кемерінде жүретін жаны періштедей пәк, көзінде ақылдың ұшқыны бар, жүрегікең жандар баратын.
Ғылым – атақ пен абыройдың қолжаулығы емес, адамзатигілігінің тұтқасы. Ол сонысымен киелі әрі қасиетті. Жаратушы Иенің адамбаласына аманатын жеткізетін мүбәрак кітап – Құран Кәрімді қолға алардабойда дәреттің болуы шарт секілді ғылым да кіршіксіз тазалықты сүйеді. Ғылымның ар-ожданы бар. Оны атаққателитіндерді, саудаға салатындарды түптің түбінде ғылымның киесі ұрады. Оқшаусаланың қадірі соншалықты биік, ұлы Құранда ғылым сөзі 811 рет кездеседі. Ата-бабасыимандылықты қазық еткен қазақ қазір неге ғылымды қастерлемейді? «Ғалым бол!» деп бата беретін аталар азайдыма? Қоғамда шенеуніктер көбейгендіктенбе, ғалымдар неге төрге озбай тұр?
Өресіз ғалымдар қазақтың ғылымын шетелдің марқасқа ғалымдарымен зерттеушілерінің мазағына қалдыруда. Оны былтыр ел атына кір жаққан білімжәне ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың оспадар диссертациясындағыкемшіліктер анықталғанда өзгелердің алдында жерге қарағанбыз. Ғалымсымақтар өз бойына кіргізген «плагиат инфекциясының» ошағынөзі жоя алмасы анық. Бұл үшін сыртқы күш керек. Ақыры әділдік іздеген көзіқарақты қауымның мақсаты орындалып, ақиқатсалтанат құрды. Жаhандық көзқарасы қалыптасқан жас толқынның плагиатқа қарсы шығуықос қолды көтеріп, құптарлық жайт. Бұлдамыған елдерде мезгіл мінберінен түспей келе жатқан өзекті мәселе. Міне, ғылымға араша осылайболуы керек. Қазақстанға кешеуілдеп келген «ар заңдылығына» қазақы менталитет жүрмеуі керек. Олай болғанжағдайда көштен кейін қалып, өсер ұрпақтың обалына, кемеңгер баланың көз жасынақаларымыз анық. Алайда біз әлі Абай заманынан әрі кете алмай, арашадан алшаңбаспай тұрмыз. Шетелде жасандығалымдардың беті дер кезінде ашылады. Мұны Анатолий Пастернак: «Егіздер де көркем шығарманы бір мезетте жазбайды», – депбір ауыз сөзбен кесіп айтқан.
Ғылымды көтеру тазалықтан басталады
Біреудіңменшігін иелену – қылмыс. Бұл қолмен қойғандай ақиқат. Ата заңымызда даайшықтап жазылған. Зайырлы қоғамда заңды ешкім белшесінен баса алмайды. Сонда «бізге плагиатпен күресті әуеліқайдан бастау қажет» деген заңды сауалтуындайды. Дімкәс адамды дерттенайықтыру үшін алдымен ағзаны тазартуыкерек. Бұл қарапайым қағида. Ендеше, рухты тұншықтыратын плагиат кеселінен тазартудымемлекетіміздің жұлынды тармағы – білім және ғылым саласынан бастау керек. Жаппай дауға ілінген Жақыповағабілім министрінің пәрмені неге жүрмегенібіз үшін жұмбақ. Кінәсі айғақталған вице-министр былтыр сенат депутаттарыараласқан соң ғана жылы орнынан жылжыды. Соған қарағанда біздегі шенеуніктергебиліктен кетсе, аспан төңкеріліп төбесіне түсердей хал кешеді.
Бұқаралық ақпарат құралында елді елең еткізгентағы бір хабар есіп тұр. Жақында білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов тедокторлық диссертациясында «жиендік жасаған» деген ақпарат тарады. Оның дұрыс-бұрыстығын отандық жәнешетелдік ғылыми қоғам мен заңорындары анықтай жатар. Әділетті төрешісолар. Артық ауыз сөз айтудан аулақпыз. Шынтуайтына келгенде, кінәңді мойындау –ар алдында ерлікке тән қасиет. Онымұсылман болмаса да, дамыған елдің білімді азаматтары түйсікпен түсінеді. Орайыкелгенде, қолда бар деректерді сөйлете кетейік: плагиат дауына тап болып,артынша кінәсін мойындаған неміс саясаткері, экономика және технология hәмқорғаныс министрі болған Карл-Теодор Гуттенберг 2011 жылдың наурыз айында, артыншадәл осындай кінә арқалаған Германия Федерациясының тағы бір саясаткері, білімжәне зерттеулер министрі Аннете Шаван өз еріктерімен отставкаға кетті. Көршіелден алар өнеге де аз емес. Былтыр наурыз айында Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустиннің бұйрығымен денсаулық сақтау вице-министріСергей Краевой қызметінен босатылды. Ал,бізде ше?
Қазақстанда плагиатты қалай жеңу керек?
Төл еңбегін патенттеп үлгермеген таланттығалымдар қазір идеямыз тонауға түсіп қала ма деп алаңдаулы. Қарақшылардың назарына ілінсе, миллиондаған қаржыданқағылғаны. Ғылымға жаны ашитын шынайығалымдар плагиаттың зардабын жақсы түсінеді. Олардың жанды жері осы екені даусыз.
Әлеуметтікжеліде оқшау пікірімен оқырманға ой тастап жүрген Ұлттық биотехнология орталығындағы адамгенетикасы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымының кандидаты МақсатЖабағиннің уәжі мынадай: Қазақстанда диссертациялардың толық нұсқасы тек соңғы10 жылда онлайнға шығарыла бастады. Оның алдындағы диссертациялармен танысумүмкін емес. Ғылыми айналымнан шығып қалғанға ұқсайды. Ресей тәжірибесікөрсеткендей, сол жылдардағы диссертациялар плагиатқа толы. Плагиатпен күресуүшін әуелі өзің таза болуың керек. Алға жаңамақсат қою үшін бұрынғы лас диссертациялар мәселесі шешілуі қажет. Олай болмағанжағдайда «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей күйді құшамыз. Сондықтанбарлық диссертациялар онлайнда тұруы шарт. Осылай болса, ғылыми қоғам белсенділері диссертацияларды тексере алады.
Плагиаттық – сыбайлас жемқорлықтың кепілі
Отандықғылымды қорғау үшін ғылым туралы заңға өзгеріс енгізген жөн. Қазақ ғалымдарыныңресми статусын сонда ғана мөрге салааламыз. Ақиқатына келгенде, плагиаттық – көзге ұрып тұрған жаза. Ол тамырынтереңге салып, жеңұшынан жалғасқан сыбайластықтың анық нышаны. Қаржы жымқырудыңкөкесі осында. Бейнелеп айтқанда, біріншіден, ғалымды тонау; екіншіден,мемлекет қаржысын оңай жолмен олжалау. Шәкіртақы иемденіп, ғылыми атағы үшін ай сайын еңбекақыдан бөлек, үстемеақы алып, шекесішылқып, шырт түкіріп жүрген «күрішішіндегі күрмектер» аз емес.
— Бұл ұрлықтың артында ғылыми этиканы бұзатын жетекші оппоненттер,рецензенттер, диссертациялық кеңес мүшелері бар. Мұның артында бір кісініңемес, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекеті тұр. Топ құрамындағылармемлекет тарапынан ғылымға бөлінетінақшаны иемденетін адамдар. Олар зерттеулер жүргізу кезінде ғылыми этиканыкелесі жолы да бұзбайтынына кім кепіл? Жедел арада заңды жаңартып, «плиагиат» деген ұғымды енгізу керек. Мұның сыртында, ғылымидәрежеден айыру механизмдері бекітілген жөн. Диссертацияны жымқырғандар ертең жоғары лауазымға жеткенде ұрлықтың басқа түріне арланбай бармайтынына кепілдік жоқ, – деп ойынтүйіндеді жас ғалым Мақсат Жабағин.
Дамыған елдерде плагиатқа кешірім жоқ
«Интеллигенттік ұрлықты» тұқырту жолындағы біздің елдің тірлігі әзірге марғау. Плагиатты мемлекеттің қара таңбасына балаған Америка мен Еуропа бұлқылмысты кешірмейді. Орталық Еуропа университеті ғалымдарды былай қойғанда, плагиатқа бой алдырған студентті аңғарса әркурс сайын қатаң бақылауға алады, түлектердің дипломдық жұмысынан осыкемшілікті тапса дипломынан айырады. Канада, Шотландия, Солтүстік Ирландияда даосы тақылеттес сес қолданылады. Ғалымдар отаны Ұлыбританияда плагиатпен күрескеарналған (JiSC ) Біріккенақпараттық стратегиялық комитетқұрылған. Жоғарыда аталған университеттер осы комитетке мүше.
Бізде ғалымдареңбегін қымқыруға қарсы тұрар не бар? Әлде бұл Қазақстанда қош көрмейтін мәселенің бірі ме? Өнбес даудыңқатарына жатқызып, ақталуды басы артық іс санаумен жылдар жылжуда. Осылайша «ел айтады, керуен көшеді» дегенсарынға салынумен дамудың ауылынан қалып келеміз. «Ел боламын десең – бесігіңдітүзе», – деп аманат айтып кеткен ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов тағы бірде жанкешті жапондардыңжігеріне тамсанып: «Тез жетілген жапонға қазақтың мінезі жасанды ма?» –деп кеюі бекер емес екенін енді түсіндік. Тау тұлғамеңзеген оңай олжамен мал табуға малданған жалқаулар ғылымға нәубет әкелуде. Ақыл-ойдың жегіқұрттары маңғаздай ғалымдарды тып-типылетуден тайынбайды. Бұл зұлмат емей, немене?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Қарағанды қаласы