Пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төленеді

Қазақстандық медицина қызметкерлері вирусты пневмония жұқтырған жағдайдаәлеуметтік өтемақы алады.
Осы мәселе«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күресжөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталғанинфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғыәлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚРДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістерде айтылған. ЕрежеCOVID-19 – коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсышараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері егер оларклиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар, COVID-19 — коронавирусинфекциясы белгілеріне ұқсас инфекцияны жұқтырған және содан қайтыс болған жағдайдабірыңғай әлеуметтік төлем жүргізуді көздейді.
«Бірыңғай әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебіненжүргізіледі. Атап айтқанда — COVID-19 – коронавирус инфекциясын жұқтырған,вирусты пневмониямен ауырған жағдайда – 2 миллион теңге беріледі. Ал COVID-19 –коронавирус инфекциясынан немесе вирусты пневмониядан қайтыс болған жағдайдаотбасына 10 миллион теңге беріледі», — делінген құжатта.
Төлем COVID-19 коронавирус инфекциясы, вирусты пневмониямен жұқтыру фактісіанықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдарыныңбасшыларының жазбаша түрде берген ақпараттарының негізінде жүзеге асырылады.Осылайша медициналық қызметкерлердің тізімі жасалады.