06:34, 21 Қыркүйек 2020
Пойыз билеттері қымбаттады

Қазақстанда бір жылда пойыз билеттерінің бағасы шамамен 10 пайызға қымбаттаған, — деп хабарлайды Energyprom.
Сарапшылардың мәліметінше, тамызда теміржол қызметтері 9,9 пайызға қымбаттады. Әсіресе, Түркістан облысыда теміржол билеттері 23,8 пайызға дейін қымбаттады дейді.
Сондай-ақ, Ақмола облысы (15,8 пайызға) мен Алматыда (15,1 пайызға) пойыз билеттері қымбаттағаны айтылады.