Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:38, 05 Қазан 2020

Полицей адам қағып өлтірді

None
None

Теміртауда полицей қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді,-деп хабарлайды «Жас Алаш».  

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 қазанда болған.

«3 қазанда Теміртауда Lada Vesta қызметтік автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен Восточная көшесіне қарай келе жатқанда тұманға байланысты жолды дұрыс көрмей, салдарынан 65 жастағы ер адамды қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмған», — деді полицейлер.

Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу») бойынша басталды.

Тегтер: