Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 16 Ақпан 2022

«Полицейлер қашып кетті»

None
None

Шымкентте наразы топ әкімдікті қалай басып алды?

Шымкентте 4 және 5 қаңтар күндері болған оқиғалар кезінде 19 адам қаза тапты. Дегенмен, оны не әкімдік, не құзырлы органдар жұртшылыққа әлі ресми түрде жария еткен жоқ. Олар мұны тергеу мүддесімен байланыстырып отыр. Дәл осындай бүліктер сол кезде көршілес Жамбыл облысында да болды. Әулиеаталық шенділер оқиғадан кейін қаншаадамның қаза тапқаны туралы мәліметті ресми түрде таратқан еді. Ал Шымкенттегі жағдайды жасырып-жабатындай,не құпия бар?

4 қаңтарда Жаңаөзен мен Маңғыстау толқып, Алматыда жұрт жаппай митингіге жиналып жатқан кезде Шымкентте де дүрбелең басталды. Түнгі сағат 12-лердің шамасында қалада ғаламтор байланысы өшірілді. Осы күні кешкісін Шымкент қалалық әкімдігінің алдына мыңдаған халық жиналып, жиын соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Ертеңіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  мемлекеттік телеарнадан оқиға кезінде наразылық білдірушілердің әкімдіктің алтыншы қабатына дейін қиратып кеткенін мәлім етті.

5 қаңтарда күндіз әкімдіктің айналасын әскерилер күзетіп тұрды. Қолдарына қалқан ұстап, иықтарына саперлік күрек асынған сарбаздар сырт көзге сұсты көрінген еді. Алайда олар наразылық білдірушілерді жуасыта алмады. Жұрт Назарбаев даңғылының бойына қас қарая жинала бастады.

– Кешкі сегіздердің шамасында көшеге 100 шақты адам топталып, әкімдікке қарай бет алды. Топтың басындағы бір әйел ерекше белсенділік көрсетті.

– Жиналыңдар, әкімдікті басып аламыз. Отыз жыл бойы шыдағанымыз жетеді. Әйел болып, мен шығып отырмын. Ер-азаматтар сендерде намыс бар ма? – деген сөздерді қайта-қайта айтып отырды. Бір кезде әскери көлік келіп, су шашты, сарбаздар жарық, түтін шығаратын гранаталар лақтырды. Қатты гүрсіл жұрттың үрейін ұшырды. Жиналғандар осыдан кейін жақын жердегі тұрғын үйлердің ауласына қарай қашты. Арада біраз уақыт өткенде, жұрттың қарасы мыңдаған адамға жетті.  Олардың екпініне шыдамаған әскерилер Көрме орталығынан әкімдікке қарай шегінді. Біреулер Көрме орталығына өрт қойды. Ғимаратпен бірге, оның жанында тұрған әскерилердің автобустары да түк қалмай жанып кетті. Наразы топтың арасында жұртты заңсыздыққа бармауға шақырғандар да көп болды. «Тәртіпсіздікке  бармайық, бәрін бейбіт түрде ұйымдастырайық», деп жатты олар.

– Бір азамат алаңдағы жаңажылдық шыршаға өрт қойды. Біреу барып, оны өшірді. Дәл осындай жағдай театр ғимаратының алдында да қайталанды. Яғни, топтың арасында әрқилы адамдар болды, – деді бізге оқиғаларды көзбен көрген куәгерлердің бірі. Осы түні наразылық білдірушілердің қалалық полиция департаментіне шабуыл жасағаны, бірақ оған тойтарыс берілгені айтылды. Оқиға кезінде әкімдіктің жанындағы «Метро» сауда орталығы жаппай тоналды.

Шымкенттегі бүліктің бірінші күніне қатысып, сол үшін «заңсыз митингіге шықты» деген айыппен әкімшілік қамауға алынған шымкенттік тұрғынның (ол да аты-жөнін ашық көрсетпеуімізді сұрады) айтуынша, оқиға кезінде шектен тыс белсенділік көрсеткендердің қайдан келгені мүлдем жұмбақ.

– Оқиғаның бірінші күні, яғни 4-інен 5-іне қараған түні топтың арасында өте агрессивті азаматтар жүрді. Бәрін өртеді, талқандады. Арақ ішіп алғандарды да көрдік. Полицейлер оларға төтеп бере алмай,  қашып кетуге мәжбүр болды. Ызалы топ әкімдікті, оның алдында тұрған полицейлердің көліктерін талқандады, өртеді. Оларды тәртіп сақтауға шақырған әркетімізден ештеңе шыққан жоқ. Не болып кеткенін өзіміз де түсіне алмай қалдық. Бір аптадан кейін мені тәртіп сақшылары үйден келіп әкетті. Сотты полиция бөлімінде онлайн өткізіп, 12 күнге әкімшілік қамауға алу жөнінде қаулы шығарды, – деді бүгінде жазасын өтеп шыққан тұрғын.

Осы оқиғалар кезінде және одан кейін таратылған ақпараттар ала-құла болды. Шыңғыс Мұқан бүлік кезінде адам өлімі болғанын айтқанымен, олардың нақты санын жария етпеді.  Ал осы оқиға кезінде төбе көрсетпеген қала әкімі Мұрат Әйтенов 9 қаңтарда өткізген брифингте 17 тәртіп сақшысының түрлі деңгейде жарақат алғанын,  төртеуінің жағдайы ауыр екендерін, қаза болғандардың жоқтығын хабарлады.  Сонда әкім мен бірінші орынбасардың қайсысына сенуге болады? Бәлкім, Әйтенов әскерилердің арасында қаза тапқандардың болмағанын айтқан шығар. Олай болса, басқаларын да неге жария етпеді? Әлде әкім үшін әскерилерден басқалар адам емес пе? 5 қаңтарда «Хабар24» телеарнасынан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шымкентте полицияның 59 көлігі зақымдалғаны, оның біреуінің толықтай жанып кеткені туралы ақпарат қайта-қайта берілді. Ал 15 қаңтарда Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шымкентте 21 полиция автокөлігінің зақымдалғанын хабарлады. 59 бен 21-дің арасы қайда жатыр? Бір-біріне қабыспайтын мәліметтерден не түсінуге болады?  

Өртеніп кеткен көліктердің санынан жаңылысып жүрген билік оқиға кезінде қанша адамның қайтыс болғанын әлі айтпай отыр. Өткен аптада біз осы сауалды алға тартып, алдымен, Шымкент қаласы әкімдігіндегілермен хабарласқан болатынбыз. Баспасөз қызметінің жетекшісі Бекен Қоныс:

 – Ол кезде штаб полиция департаментінде болды, сондықтан мұндай мәліметтерді құзырлы органдардан сұрау қажет, – деді. Ал Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер қаза тапқандар жөніндегі мәліметтерді бере алмайтындығын алға тартып, прокуратурамен байланысуға кеңес берді.

Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі  Нұржан Төребаев, алғашқыда осы жөнінде арнайы хат жолдау қажеттігін ескертті, кейінірек қанша адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтердің тергеу мүддесіне байланысты берілмейтінін айтты.

Дегенмен, 18 қаңтарда адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шымкенттің мәйітханаларына 18 адамның мүрдесі жеткізілгенін мәлім етті. Ал өткен аптаның бейсенбісінде оқиға кезінде тұтқындалған азаматтардың туыстарымен кездескен қала прокурорының орынбасары Нұржан Сейдалиев қаза тапқандардың санын 19 деп хабарлаған. Дегенмен, бұл мәлімет жұртшылыққа ресми түрде әлі жария етілген жоқ.

Шымкентте қаңтар оқиғасын зерттеу үшін қоғамдық комиссия да құрылды. Осы істің басы қасында жүрген қоғам белсендісі Жарқынбек Сейтінбеттің айтуынша,  бастаманы құзырлы органдар қолдамапты.

– Комиссияның құрамына жиырма шықты адамды енгіздік. Оның жанынан жұмысшы тобын құрдық. Алайда біздің берген тізімімізді прокуратура қолдамады. Ұсталғандармен кездесіп, материалдармен танысуға рұқсат етпеді, – деді Жарқынбек Сейтінбет.

Қоғам белсенділері жуырда қала прокурорымен де кездескен-ді. Осы басқосуда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты бүгінгі күні  76 адамның қамауда отырғаны белгілі болды. Ұсталғандардың мүддесін қорғау үшін  5 адамнан тұратын комиссия құрылып, ж

Тегтер: