Полицейлер түнде жарапазан айтқан оқушыларға ескерту жасады
Түркістан облысында тәртіп сақшылары түнгі мезгілде жарапазан айтиып жүрген оқушыларға ескерту жасады.
Бұл туралы Түұркістан облыстық Полиция партаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келес аудандық Полиция басқармасы ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жүрмеуін қадағалау, заңды өкілсіз көшеде жүрген, ойын-сауық орындарында оқушылардың жүруін болдырмау мақсатында рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Шараға полицейлермен қатар Абай ауылы әкімдігі аппараты және Келес аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Тәртіп сақшылары түнгі рейд кезінде топ болып жарапазан айтып жүрген жасөспірімдерді анықтады. Олардың барлығына толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелет жасына толмағандарға, түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06-ға дейінгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрмеуі, жүрген жағдайда айыппұл салынатындығы, жолда жүру ережелерін сақтауы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың зардаптары егжей-тегжейлі айтылды. Ал ескертуге қарамастан, қайталанған жағдайда білім беру мекемесіне ұсыныс жолданып, ата-аналарына шара көрілетіндігі ескертілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың басты міндеті. Олардың қатысуымен болатын түрлі құқықбұзушылықты болдырмас үшін, ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайды қарамауы керек. Түнгі уақытта қараусыз жібермеуі қажет.
— Құрметті ата-аналар, осы тұста балаларыңыздың тәртібі мен қауіпсіздігі үшін жауапты екендіктеріңізді назарда ұстауларыңызды сұраймын. Оларды қараусыз қалдырмайық. Құқықтық сауаттылығын бірге арттырайық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «бала –болашағымыз»-десек, өскелең ұрпақтың дұрыс жолда өсіп-өнуі баршамызға жүктелген міндет!-дейді Келес ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Мұрат Сәрсенов.