Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:53, 03 Наурыз 2021

Полиция 7 адамның өмірін қиған жол апаты туралы айтты

None
None

Қостанай облысының полиция департаменті жеті адамның өмірін қиған көлік апатының себебін айтты.

«Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны Lexus автокөлігімен алдыңғы көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шығып кетіп, Нұр-Сұлтанның 63 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Mitsubishi Pajero автокөлігімен соқтығысқан», — деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті өкідері.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде жеті адам — Lexus көлігіндегі үш және Mitsubishi Pajero көлігіндегі төрт адам қаза болды. Жол талғамайтын Lexus көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға, ал Mitsubishi Pajero Қостанайға бара жатқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тегтер: