Полиция аға лейтенанты - әлем чемпионы

06.11.2018, 16:17

179

Астана қаласында отыздан аса ел спортшылары бас қосқан әлем чемпионатында атыраулық полицей жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Соңғы 18 жылда спорттың каратэ-киокушинкай түрімен үздіксіз шұғылданып жүрген Бауыржан Күмісқалиев әлем чемпионы атанды.Отыз жастағы полиция аға лейтенанты ішкі істер органдарында үш жылдан бері қызмет атқарады екен, қазіргі күні ол – Атырау облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы. Бауыржан бұрын да әлемдік деңгейдегі додаларда топ жарған. 2013 жылы Жапония астанасы Токиода мықтылармен бақ сынасып, жүлделі орын иеленсе, бұл жолы екінші мәрте әлем спортшыларына өзін мойындатты. Оның айтуынша, қызу тартыс ақтық айналымда — Ресей Федерациясынан келген спортшымен болған. Әлем чемпионы атанған Бауыржан — қара белбеу иегері, каратэ-киокушинкайдан бірінші дан иегері.Әлем кубогына Бауыржанмен бірдей салмақтағы тағы бір атыраулық спортшы, Азия чемпионатының өткен жылғы чемпионы Мұрат Сыдықов та қатысқан еді. Ол бірінші айқаста пәкістандықты, одан кейін жапон спортшысын оңай ұтқанмен келесі ұрыста армениялық Григоряннан жеңіліп қалды.Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31