Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:01, 26 Қыркүйек 2022

Полиция есірткі бизнесіне қарсы операцияны аяқтады

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына үлкен қауіп төндіретінін атап өткен болатын.

Есірткісіз қоғам құру – әрбір қазақстандықтың алдында тұрған міндет. Осы жылдың 11 мамырында Қазақстан үкіметі 2022-2023 жылдарға арналған есірткі қылмысымен күрес және есірткінің алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі Жол картасын бекітті. Алдын алу нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың негізгі элементі болып табылады. Бірлескен күш-жігер арқылы өскелең ұрпаққа оң әсер етіп, еліміздің салауатты болашағын қамтамасыз ету – еліміздің әр аймағының, әр азаматының негізгі міндеттерінің бірі.

Осы міндеттерді атқару барысында қыркүйек айында Талдықорғанда облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері тағы бір есірткі сату нүктесін жою бойынша арнайы операцияны аяқтады. Полицейлер синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті мефедронның бірнеше дозасын сату кезінде қылмыс орнында ұсталды. Тәртіп сақшылары есірткі сатушының тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде синтетикалық есірткінің тағы бес пакетін тапты. Ер адамның 2016 жылы да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, есірткі сатумен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін түзеу мекемесінде жазасын өтегендігі анықталған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған талдықорғандық азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 28 келі түрлі есірткі, оның ішінде 3 келі «синтетика» тәркіленді. Полицейлер 22 есірткі сатушыны ұстады.

Тегтер: