17:41, 30 Қыркүйек 2022
Полиция Төреғали Төреәлінің қамалған сәтін көрсетті
29 қыркүйекте Көлсай демалыс аймағында гидтің басын ұрып жарғаны үшін танымал әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды.
Полиция әншінің үстінен «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық сайтында Төреғалидың изоляторға қамалған сәтінің видеосы жарияланды. Ал, Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оның ұсталғанын растады.
«Иә, Төреәлі Төреғали уақытша ұстау изоляторында. Қосымша мәліметтерді сәлден соң тағы да жариялаймыз», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.