Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады
Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасының ережелерін бұзған 379 азаматты анықтады.
Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыс аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ Республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді камтамасыз ету мақсатында «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы 2 тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ел аумағынан кету ережелерін бұзған жалпы — 379 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде шетелдіктер — 263, Қазақстан Республикасының азаматтары – 116.
Заң бұзғандардың 17-сі ел аумағынан аластатылды. Ал шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 106 Қазақстан азаматы анықталды. Олар ӘҚБтК 518-бабының «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.