Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Полиция журналист Нұртаза Қадырниязовты босатты

Нұртаза Қадырниязов
Фото: ашық дереккөз

Алматы полициясы жалған ақпарат таратуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң журналист Нұртаза Қадырниязовты босатты. Бұл туралы КазТАГ агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, Нұртаза Қадырниязов «қоғамды адастыруы мүмкін жалған ақпарат жариялағаны үшін» Әуезов аудандық полиция басқармасына шақырылған.

Полицияның хабарлауынша:
«Азамат К. тарапынан шындыққа сәйкес келмейтін, қоғамды жаңылыстыруға ықпал ететін ақпарат жарияланған. Осыған байланысты ол қолданыстағы заң аясында түсіндіру әңгімесін жүргізу үшін Әуезов ауданының полиция басқармасына шақырылды. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратудың құқықтық салдары туралы түсіндірме берді. Әңгімеден кейін азамат үйіне жіберілді», - делінген департаменттің ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, журналисттің ұсталғаны туралы ақпаратты белсенді Абзал Достияров алғаш болып жариялаған еді.