Польша Ресей мен Беларусь шекарасынан қорғануға 2,5 миллиард доллар бөледі
Польша үкіметі Беларусь және Ресей шекарасынан қорғану бағдарламасына 2,5 миллиард доллар инвестиция салады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Дональд Туск айтты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Дональд Туск Польшаның НАТО мен Еуропалық Одақтың шығыс қапталындағы стратегиялық позициясын атап өтіп, бұл ел Еуропаның қауіпсіздігіне де жауапты екенін айтқан.
Ресейдің жақын одақтасы Минск Таяу Шығыста Еуропаға жаңа бейресми бағыт ұсынатын туристік агенттіктерді ашқаннан кейін, 2021 жылы мигранттар ағыла бастаған Польшаның Беларусьпен шекарасы қиын нүкте болды. Ресей 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен бері қарым-қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Варшава қорғаныс шығындарын көбейтіп, Минск пен Мәскеуді Польшаны тұрақсыздандыру әрекеті үшін айыптады, деп жазады агенттік.
Ал, Премьер-министр Дональд Туск баспасөз мәслихатында:
«Біз өз қауіпсіздігімізге, ең алдымен, қауіпсіз шығыс шекарасына 10 миллиард злота (2,5 миллиард доллар) инвестициялауды шештік. Біз қауіпсіз шекараны, оның ішінде бекіністер жүйесін, сондай-ақ бұл шекарадан ықтимал жаудың өтуіне жол бермейтін абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау шешімдерін қамтитын ірі жобаны бастаймыз», - деді Туск.
Фото: REUTERS / SCANPIX