Бүгін, 16:17
Польшада Қазақстанның әскери атташесінің көмекшісі тыңшылық ісі бойынша ұсталды

Польшада Қазақстанның Украинадағы елшілігінде жұмыс істейтін әскери атташенің көмекшісі «тыншылық» әрекеттері бойынша қамалды.
Бұл туралы КазТАГ агенттігіне хабарлаған дереккөзге сілтеме жасай отырып, бірнеше БАҚ жазды.
Әзірге Польша тарапынан қызметкердің жеке тұлғасы, іс жайлы немесе тыңшылыққа қатысты сипаттағы мәліметтер жарияланбады. Бұл оқиға бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолданғаны белгілі.
Кейбір ақпарат көздері, оның ішінде, бұл жағдай НАТО-ға қарсы әрекет болуы мүмкін екенін меңзеді. Алайда әзірге бұл жайт нақты расталмаған.