Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:06, 09 Маусым 2020

Поляр шеңберінде жолыққан қыз

 Қиыр солтүстікте – Мурманск қаласындаәскери борышымды өтеп жүрген кезім болатын.

Бөлімге жуықта ғана келгенмін. Семейқаласынан бір топ жігітті арнайы жолаушылар пойызына салып аттандырғанда күнмен түн бірдей, бірде жарық, бірде қараңғы еді. Мұнда келген бетте қараңғытүнге сүңгідік. Сөйтсек, полярлық түннен бір-ақ шығыппыз ғой. Мұндайды бұрынкім көрген? Түні де түн, күндізі де түн. Жарық күнді аңсап қиналдық.

 Алғашқы дайындықтан өтіп жүргенімде денемніңәр жеріне сыздауық торсиып шыққаны. Тегі, ауа райының ауысқандығынан болар.Киім тиіп кетсе жан шыдатпай ауырады. Амалсыз бөлімдегі шағын емханаға бардым.Емхана екі-үш бөлме ғана. Бір дәрігер әйел мен екі медбике жұмыс істейтінкөрінеді. Нағыз қазақтың ортасында өскен басым әлгілерге не үшін келгенімдіжәне жарам жайлы әрең түсіндірдім. Дәрігер қасында отырған шашы қоңырлау,соншалық сүйкімді, қол-аяғы балғадай, ақ халат киген әдемі қызға мені қарап шықдеп меңзеді. Қыз орта бойлы, менімен деңгейлес, жасы да маған қарайлас. Қасымакеліп, үстімдегі формамды, майкамды шештіріп, арқамның бірнеше тұсынан шыққансыздауықты алдымен абайлап майлап, хирургиялық пышақпен тіліп-тіліп жібергені.Жаныма батқандықтан, жан даусым шықты. Оған қарап жатқан қыз жоқ, аққан арамқанды сүртіп алып, қолымен жарамды сығып, тас қылып байлап тастады. Өзі «ничего, ничего» деп қояды. Сәлден соңқайдан келгенімді сұрады. Қазақстаннан екенімді айттым. «Значит ты казах», –деді ол күбірлеп. Сөйтіп, біраз күн емханаға үзбей келіп жүрдім. Бірде атымдысұрады.

 –Бейсенғазы, – дедім қысылып-қымтырылып.

– Если я сокращенно тебя Бейсен назову, ты необидишься? – деді қыз маған.

    Мен басымды изедім. Өзін Наташа деп таныстырды. Ұлты чувашекен, оны да айтты. Сөйтіп, екеуміз бір-бірімізге жақындасып, біраз күннен кейіндостасып та үлгердік. Кейде екеуміз қатар отырып, жай ғана әңгімелесетін едік. Менің кейбіртүсіндіре алмағанымды ол ептеп түсініп, «орысша осылай айтқың келіп отыр ғой»дейтін. Мен «да» деп қоямын. Өзі сүйкімді, сұлу, сымбатты қызға көңілімніңауғанын біраз уақыттан соң түсіндім. Күнде келіп тұрғым келеді. Сыздауықтаржазылып кеткен. Дәрігер мен екінші медбике көңілімді түсінеді-ау деймін, менқысылыңқырап кіргенде, аулақтап кетіп өз жұмыстарымен әуре болып жатады. Наташаназданып келіп, қолымнан жетектеп қуықтай басқа бөлмеге кіргізетін. Менің шашымқара, көздерім дөңгелек, қастарым қалың, қыр мұрынды, бетім ақшыл түстіәдемілеу жігітпін. Ауылда жүргенде де біраз қыздар қырындап жүретін.

  Сонымен, не керек, Наташа екеуміз бір-бірімізді іштей түсініп, ұнатыпқалғандай болдық. Мен кейде әскери дайындықтан үлгере алмай немесе бірнеше күнжолықпай қалсам, кешке таман өзі келіп, старшинадан мені сұрап алып, біразуақытқа ертіп кететін. Жаңағы кішігірім бөлмеге алып келіп, столға үйіненәкелген тағамдарды қойып, қатар отырып жейтін едік. Кейде еркінсіп шашымдысаусақтарымен салалап, меніеркелетіп қоятын.

 Бірде«мен батырдың қарындасымын» дегені. «Ол кім» дегендей, аңырайып қалыппын. Наташа күлді де: «Василий Иванович Чапаев біздің халықтың ұлттық батыры ғой», – деді. «Ол орыс емес пе?» деппін. «Ол – чуваш батыры, біз оны мақтан тұтамыз», – деді Наташа. «Солай ма?» дедім. Ол басын изеді. «Біздің Мурманскіге көшіп келгенімізге бірнешежыл болды. Әкем инженер, кемеде жұмыс істейді. Шешем мұғалім. Менен басқабалалары жоқ». Тағы бірде: «Сен түркі халқына жатасың ғой. Біз де түркі еліболып саналамыз», – дегені.Ауылдың баласы мен оны қайдан білейін. Мен тек қазақ екенімді білемін, әйтеуір.Тегі әкесі білімді адам болар, қызына бәрін түсіндіріп, үйретіп, құлағына құйыпқойған екен.

Біз көбіне қаладан гөрі айлақтың жағасынакеліп, жағадағы түрлі кемелерді және әскери суасты кемелерін тамашалайтынбыз.Бір жылдың ішінде екеуміз де бір-бірімізді ұнатып, өте жақындасып кеттік.Наташа мені бірнеше күн көрмесе тұра алмайтын. Ротаға жүгіріп келетін. Әскери медпункттеістейді әрі аға сержант атағы бар болатын. Қарапайым солдат қалжыңдай алмайтын.Біздің ротаның бастығы, капитан Васильев пен старшина Ковалев аға сержантекеуміздің жақындығымызды біледі. Сондықтан Наташа (шын аты Наталья) келіп менісұраса, қыдыруға бір-екі сағатқа, әсіресе кешкі астан соң жібере салатын.Наташа өте ашық әрі шынайы сөйлейтін. Өжет еді. Кейде бушлатымның ішіне екіқолын тығып жіберіп, бір сәт құшақтап тұрып алатын.

 Бірде демалыс күні мені үйіне ертіп келді.Әке-шешесімен таныстырды. Ата-анасы биязы кісілер екен.

Әскерде жүргеніме бір жарым жыл толғандасоқырішек болып, госпитальға түстім. Наташа күніне бір рет арнайы келеді. Кейдеыстық тамақ, тоқаштар әкеліп, тумбочкама салып кететін. Ара-тұра ойлаймын:«Наташа қаланың қызы әрі басқа ұлттың өкілі. Мен болсам тек қазақтар тұратынауылданмын. Қалай үйге алып барамын?» – деп. Ауылда, көпбалалы отбасында өскенбоздақпын ғой, қазақилығым тағы бар, өте қысыламын. Бірақ шынымен сүйіп қалдым.«Осы қалада қал, әкеммен бірге жұмыс істейсің, жалақыларың өте жоғары болады»,– дейді ол үнемі. Кейде «Мені өзіңмен бірге ала кет, журналистикаға түсеміндейсің ғой, Алматыда тұрамыз. Сендер жақ қатты ыстық емес пе?» – деуші едікүліп. Мен «Сахарадай ыстық емес» деймін.

 Госпитальдан шыққан соң, әбден жазылыпкеткенше жаттығуларға жарамайды деп, мені салынып жатқан көпқабатты үйлердіңбіріне кілтші етіп қойды. Бір подъезде қаншама пәтер болса, соншама кілттіқолыма ұстап жүремін. Мурманск ол кезде құрылыс жағынан Кеңестер Одағы бойыншабірінші орынды алатын. Пәтер иелері отбасыларымен күндіз келіп, ордерлерінкөрсетіп, дайын болып қалған пәтерлерін аштырып, дастархан жайып, мені деқонаққа шақырып, рахатқа бататын еді. Қайтсін, баспаналы болу қай ұлт үшін деқуаныш қой. Наташа: «Сен қалсаң, біз де осындай пәтер аламыз», – деп үгіттепқоятын. Сүйтетін де, бетімнен, ернімнен сүйіп-сүйіп алатын. Ондайда төбемкөктен екі елі асып кететін еді.

Күндіз сылақшы әйелдер пәтер қабырғаларынатұсқағаз жапсырмастан бұрын, ең бірінші газеттерді буда-будасымен әкеп,қабырғаларға жапсыратын. Ол әбден кеуіп, жабысып қалған соң, оның үстіне түрлі түстіқағазды жапсыратын еді.

 Бірде таңертең келіп, түнгі күзетшіденкілттерді алып, пәтерлердің ашық қалмағанын тексеріп жүргенмін. Бір пәтерден(қабырғаларға жапсыру үшін Мурманск облыстық «На страже Заполярье» газетінпайдаланатын) қабырғаға жапсырылған бір газеттен (төбеге жақын жапсырылыпты)әдемі азиялық қыздың суретін көрдім, ол туралы үлкен материал жазған екен. Бұлкім екен деп, сылақшы әйелдердің кішігірім сатысын әкеп қабырғаға тіреп қойдымда, жоғары көтеріліп, материалды толықтай оқып шықтым. Сөйтсем, Қазақстаннаншыққан әнші қыз Болгариядағы конкурста «Золотой Орфейді» жеңіп алыпты. ӨзіСемейдің Жарма ауданынан болып шықты. Мен қайран қалып біраз отырдым әрі қаттықуандым. Қайта бір оқып шықтым. Мен өзім Үржар ауданынанмын, ол болса Жармаауданының тумасы екен. Екеуі көрші жатқан аудан.

Елім есіме түсті, көзіме жас келіп қалғанынбайқамаппын. Сатыда отырып біраз жылап алғаным әлі есімде. Терезеге қарасам,полярлық түн. «Күні бар, түні бар қайран Қазақстаным-ай» дедім ішімнен. Менсөйтіп, алғаш рет қазіргі атақты әнші Роза Рымбаевамен осылайша сырттайтанысқан едім.

   Елге қайтатын уақыт та таянды. Екі жылғы әскериөмір, ыстық-суық, темірдей тәртіп мені де біраз ширатып, шынықтырып еді. Меніңендігі уайымым – Наташанықалай елге апарам, отбасым, ауылдастарым не дейді деген мәселе. Журналистболсам деген мақсатым тағы бар. Наташа «қал» депәлек. Менің елге кеткім келеді. «Онда бірге алып кет» дейді. «Әмірбектің баласы орыстың бір қызын алып келіпті» дейдіғой ел шулап, сонда қайтпекпін?

    Бір күні Наташамен ашық сөйлесуге туракелді. Мен «елге барып, үй ішіммен келісіп келейін» дедім. Байғұс қыз ботадайбоздап қоя берді.

 – Сен өтірік айтып тұрсың, қайтып келмейсің, –деді. – Менің сені соншалықты сүйетінімді осы уақытқа дейін түсінбей келдің бе?– деді ізінше жұбанып. Айқайлап маған ұрсып алды.

– Мен қайтып келіп, сеніалып кетемін ғой. Алматыда тұрамыз, – деймін міңгірлеп. Бір кезде шапалақпенбетімнен салып қалғаны. Аңдаусыз тұрған мен теңселіп кеттім. Ол мені құшақтайалып тағы жылады. «Талай орыстың жігіті артымнан жүгіріп еді, мен ешкімгеқайырылмап едім-ау. Егер мені тастайтын болсаң, мен өлемін, – деді булығып.Наташаны құшақтап, шамам келгенше жұбатып әлекпін. Ол бушлатымның ішіне қолынтығып алып, жылап тұрды. «Әйтеуір, сені ешқашан тастамаймын», – деп әзержұбаттым. Өзім де кереметтей сүйетін едім, қиғым келмейді.

 – Наташа, ертең кездесейікші, – деп әрең шығарыпсалдым.

  Айналайын-ай, салы суға кеткендей әрең басыпкетіп барады. Ертеңінде қызбен қайта кездестім. Ол мені құшақтап, бетімненсүйді де: «Бейсен, мен саған бір нәрсе айтайын. Әке-шешем рұқсат берді және капитан Васильевтен де рұқсаталдым. Сен енді еліңе кеткенше біздің үйде тұрасың», – деді. Елге кетуге бір жарым айдай қалған. Ішімнен ойладым:«Енді махаббаттан бұрын, ерлі-зайыпты болып тұратын болдық-ау».Сенер-сенбесімді білмедім. «Рота командирі рұқсат берген болса, жарайды», –дедім.

 Кешке жақын ол мені үйіне ертіпкелді. Бөгде елдің заңы басқаша ма, бізге арнайы бір бөлмесін дайындап қойыпты.Сөйтіп, екеуміз бір бөлмеде тұрып жаттық. Таңертең ерте кетеміз, кешке қайтыпкелеміз. Мен елге қайтардың алдында, бір күні түнде Наташа мені құшақтап алып:«Бейсен, менің аяғым ауырлап қалды, сен еліңе барып, Алматыдағы оқуыңа түскеншебір балаң осы жақта болуы мүмкін. Мен осының барлығын сен қайтып келсін деп,мені тастап кетпесінші деп әдейі ұйымдастырдым. Сондықтан сен маған ренжіме.Егер ұл тусам атын кім деп қояйын?» – деп сұрады. Мен сасқанымнан «Ерлік депқоя сал» деппін. Ол «Ерлик» деп күбірледі. «Қыз болса өзім атаймын», – деді.

Елге қайтатын  уақыт жетіп, Мурманскіден Алматыға ұшыпкеттім. Елге оралып, одан Алматыға оқуға түсіп (журналистика факультетіне),Наташа біраз уақытқа ұмыт болды. Бір күні одан хат келді. Хатта өзініңбосанғанын, ұл бала туғанын, атын мен айтқандай Ерлік деп қойғанын, қазір үйдеекенін жазыпты. «Уақытың болса келіп кет», – деп қосыпты. Студентте сонауМурманскіге барып-келуге қайдан ақша болсын әрі бірінші курстамын, сабақтанқолым босамайды. Тек Наташаны құттықтап, хат жазып жібердім. «Кейінірек барыпқайтамын», – дедім. Бірақ сонау бір қиырдағы Мурманскіге қайтып жолым түспеді.Біраз уақытқа дейін хат алысып тұрдық. Реті келіп, осындағы қазақтың бір қызынаүйлендім. Балалы-шағалы болдық.

 Дегенмен сонау алыста қалған, өзімді сүйгенер Чапайдың қарындасын және ұлымды бір көріп келуді үнемі аңсап жүремін. Меніңбілуімше, Наташа қайта тұрмысқа шықпаған. Ал менен қалған ұл қазір үлкен азаматболып, оқу бітіріп, жұмыс істеп жүрген шығар. Мұны осыдан біраз жыл бұрынкелген соңғы хатында жазып жіберіпті. Ол жаққа барып келуге, аманшылық болса,бір жолым түсер.

 Міне,мені заполярлық қыздың сон­шалықты сүйгені, бір баланы өмірге әкелгені,жүрегімді сыздатқан талай жылғы жара есте қалсын, ұмытылмасын деп әңгіме етіпжаздым.

БейсенғазыҰЛЫҚБЕК,

 Журналистер одағының мүшесі

Тегтер: