Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:48

Порошенко Украина үкіметінің толық отставкасын талап етті

Петр Порошенко
Фото: ашық дереккөз

Украинада «Энергоатом» компаниясы төңірегіндегі ірі сыбайлас жемқорлық дауы елдің саяси кеңістігінде резонанс тудырды.

 Бұрынғы президент Петр Порошенко бұл жағдайға байланысты биліктің әрекетін жеткіліксіз деп бағалап, үкіметтің толық құрамымен отставкаға кетуін талап етті.

Оның айтуынша, тергеу материалдарында кемінде бес шенеуніктің аты аталған, сондықтан тек екі министрді қызметтен шеттету – «профанация» және мәселенің масштабын жасыру.

Порошенко жаңа саяси коалиция құрып, қоғам алдында беделді мамандардан құралған ұлттық құтқару үкіметін жасақтауды ұсынды.

Онын ұсынысын Жоғарғы Рададағы «Голос» партиясы қолдады. Алайда бастаманың жүзеге асу перспективалары төмен.

Порошенконың «Еуропалық Солидарность» партиясы мен «Голос» фракциясында барлығы 45 депутат қана бар. Ал үкіметке сенімсіздік вотумын қарау үшін кемінде 226 депутаттың дауысы қажет.

10 қарашада Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (НАБУ) мен Арнайы антикоррупциялық прокуратура (САП) «Энергоатом» төңірегіндегі ірі жемқорлық схемасын әшкерелегенін хабарлады.

Даудың ортасында:

  • бірнеше үкімет мүшесі,
  • президент Зеленскийдің ұзақ жылғы серіктесі Тимур Миндич,
  • қаржыгер Александр Цукерман

бар екені айтылды.

Тергеу аясында Миндичтің үйінде, «Энергоатом» кеңсесінде және әділет министрі Герман Галущенконың үйінде тінту жүргізілген. Миндич бұл тінтулер басталар алдында елден кетіп үлгерген.

Министрлер отставкаға кетті

12 қарашада президент Владимир Зеленский бұрын қызметінен шеттетілген әділет министрі Герман Галущенко мен энергетика министрі Светлана Гринчукты толық отставкаға жіберуді талап етті.

Екі министр де дереу өтініш жазған.

13 қарашада Зеленский Миндич пен Цукерманға қатысты санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды.