Постмодернизм және еуразияшылдық

Бүгінде зияткерлікке құрылған постмодернизм ағымы әлеуеті дамыған батыс қоғамында стандартталып,өмір сүру стиліне айналып үлгергенімен, Қазақстанда немесе посткеңестік елдердіңкөпшілігінде фобиялық тенденция ретінде қалыптасып келеді.
Адам өзіне түсініксіздүниеден қорқатыны секілді тиянақталған нақты анықтамасы жоқ бұл ағымға қатыстыайтылған айыптаулар – толассыз ақпараттанғанқоғамдағы қорғаныс иммунитеті қалыптаспаған, ұлтшылдық комплексі әсірежоғары кеңістіктебасым.
Нұр-Сұлтан – біз үшін модернист қала,Астана – сәйкесінше постмодернист. Өзін бәрінен абсолютті биікпін депесептейтін жүйеге қарсы бұл ағымды қазіргіден кейінгі немесе модерннен кейінгітолқын деп тануға болады. Яғни еуропоцентризм мен шовинизмге қарсы зияткерлікбағытқа жол салған постмодернизмді түсіндіруге талпынған барлық құлшынысымыздыңдені қас қағымда модернизмге айналып шығуы ғажап емес. Себебі постмодернизмді оныңқатпарлы шиеленісіне байланысты түсіндіру әсте мүмкін емес, сәйкесінше сана шыңырауынашындап бойлар болсақ, бұл жөнінде үнсіз қалуға тағы болмайды. Ол жоқ және бар. Солүшін де көптеген дәстүрлі классикалық кеңестік танымдағы консерватистерге үрей тудырып,фобияға айналуы заңдылық. Ақпараттанған дәуірдің жаңа мәдениетіне айналған көпсалалыпостмодернизмді архитектурамен, кескіндеме өнерімен бағамдағанмен, нақты кесіпештеңе айта алмаймыз. Дегенмен еркіндік іздеу жолында жүйкелік дағдарысқа ұшырағанбатыс қоғамындағы постмодернизм ағымының негізгі өкілдері Гваттари мен Делөздің«Номадалогия туралы трактат» атты еңбегіне сүйенсек, көшпенді халықтардың өмірсүру салтын қазіргі өркениеттің мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеретін құбылысретінде сипаттайды. Ал Лиотар көшпенді халықтардың еркіндік сүйгіштігінетамсана қалам тербесе, Леви-Строс этникалық мәдениеттерді зерттеуді жаңагуманизмнің озық түрі етіп көрсетеді.
Постмодернизм деген не?
Постмодернизм – күрделі ғылым. Оғанқойылатын анықтамалардың көптігіне байланысты арнаулы теорияға жүгініп, мәнінтолық ашып бере алмаймыз. Өйткеніпостмодернизм ағымының пайда болуы тек әдебиет пен философияда ғана емес,сонымен қатар тұтастай лингвистика, экономика, медиа, саясат, коммуникация секілді салаларды қамтиды. Кейдемодернизмнің ұмтылыстарына қарсы шықса, кейде оның ұстанымдарын тереңдетедінемесе түгелдей жоққа шығарады. Модернизм революциялық мәнерде ескілік пен таптаурынғақарсы келетін болса, постмодернизм, керісінше, ескілік пен жаңалықтың өз табиғатынашуға талпынып, оны жіліктеп талдап, оған жаңа форма жасап, өзге қалыпқакелтіреді.
Постмодернизм ағымының Қазақстандатаралуына айтарлықтай еңбек еткен мәдениеттанушы Әуезхан Қодар «Постмодернизмдегеніміз – шектен тыс ақпараттанған адамзаттың мәдениеті» немесе «мәтіндік-таңбалық өнер туындыларымен айналысатын ой машығы»,«классикаға да, классика емес нәрсеге де өзін қарсы қоятын «қазіргіден кейінгі»құбылыс» деген анықтамалар береді. Сондай-ақ олардың көнеліктерге қарсы шықпайтынын,керісінше, оларға сілтеме беру арқылы классикалық мәнін ашатынын айтады. Әрі ол постмодернизм туралы кіріспесінде итальяндықжазушы Умберто Эконың «Әрбір дәуірдің өз постмодернизмі бар» атты сөзін негізгеала отырып, Абайдың шығыстың назира дәстүрін бұзып, оның қалыптасқан жазушартын өзгерткенін мысал етеді.
Еуразияшылдық идеясы және постмодерн
Орыс тіліне сүйеніп өмір сүретінқазақ қоғамы постмодернизм туралы түсінікті санасына толық қалыптастырып үлгергенжоқ немесе ғылыми тұрғыдағы жүйелі талдауларды қажет етеді. Себебі әлемдік,кейде тіпті отандық маңызды ақпараттардың өзі Ресей ақпарат құралдары арқылытаралып жататыны өтірік емес. Бұл түрлі жасырын әрі ашық идеологиялық жобалардыңжүзеге асу барысындағы баспалдақтары екені анық. Сондықтан түрлі мәдени-танымдықақпараттарды мейлінше тек бір тараптың көзқарасындағы аудармада емес, түпнұсқалықкүйде түсінуге талпыныс жасауға тура келеді. Бұған Қазақстандағы Ресей телеарналарының жаппай идеологиялықтаралу мазмұнын меңзеуге болады.
Сөзді еуразияшылдық идеяға бұрайық.Еуразияшылдық идеясын таратуда белсенді жұмыстар жүргізіп жүрген идеолог –Александр Дугин. Ал постмодерн тақырыбына қатысты орыстілді ақпараттарға шолужасайтын болсақ, бірден аталған ағымды терістейтін көптеген дерек көздеріне тапболасыз. Оның қайнары өзін абсолютті биік санайтын еуразияшылдық идеяға келіптіреледі. Дегенмен оның түбіне терең үңілетін болсақ, Александр Дугиннің Познергеберген сұхбатындағы «ұлы орыстық» шовинизмді дәріптеу саясаты жатады. Дугин еуразияшылдық идеясын 90-жылдардан берінасихаттап келеді. Аталған идея Қазақстан билігі үшін де пайдасыз емес. Мәселен,сол тұстағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «еуразияшылдығын» Қазақстанныңтұңғыш президенті ретінде Ресейге жасаған алғашқы мемлекеттік сапарында, яғни1994 жылы көрсетті. Назарбаев посткеңестікмемлекеттер одағын құрып, оны Еуразия экономика одағы деп атау туралы ұсынысайтты. Қазақстанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылуындада еуразияшылдық идеясы көрініс береді. Бүгінде бұл университет қабырғасында«Еуразияшылдық: теориясы және тәжірибесі» деген пән оқытылып, жастарға белсендітүрде насихатталып жатса керек.
Еуразияшылдық идеясына еңбекеткен А.Дугин еуразияшылдықтың солшыл социалистік позицияға келетінін сөзетеді. Өзінің «Завтра» газетіне берген сұхбатында ол еуразияшылдық идеясымаркстік, атеистік идеяларға емес, социализмге жақын екенін алға тартады. ДугинРесейдің саяси-әлеуметтік құрылымын сөз ете келе, ұлттардан тұратын республика құрудың(Ресейде) қажеті жоғын, сондай-ақЕуроодақтың моделіндегі азаматтардың құқықтары шектелмейтін азаматтық қоғам құрудыңда қажеті жоғын атап өтеді. Сондай-ақ ол өзіне социализм идеясының жақын екенінашық білдіреді. «Көпполярлық идеясының (Еуропада қарсылыққа тап болған) үдесіненшыға отырып, біз Назарбаевтың көпполярлы валюта идеясын, яғни әлемнің әр аймағыныңөз валютасы болғанын қолдаймыз. Біз доллардың үстемдік құруына қарсымыз», –дейді.
Дугиннің шовинистік һәм асыра ұлтшылдығы«Орыстар қай жерде де орыс тілінде сөйлесін, сөйлейді де. Ал Ресейдегі өзге ұлтөкілдері орыс тілінде сөйлеуге міндетті» деген сөзінен-ақ байқалады. ҚазақстанКонституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілсе де, әлі күнге дейінорыс тілі үстемдік етеді. Әрі ел аумағындағы өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігіқатынас құралы ретінде қазақ тілін емес, орыс тілін таңдаған. Назарбаев «Қазақстандаазамат орыс тілінде сұрақ қойса, жауабын да міндетті түрде орыс тілінде алуыкерек» деп, орыс тілінің «ресми» статусы барын ескертті.
Енді «постмодерн мен еуразияшылдықтыңалты аласы бар ма» деген сауал туындайды. Бар. Дугин де солай деп есептейді.Дугин постмодернге «ұлы пародия» деген айдар таққан әрі модернді, яғни жаңаныжоққа шығарды. Оның сөзінше, постмодерн хаосқа, суицидке, үлкен соғыстарға түрткіболады. Және постмодернге иек артпай, қандай өзгеріс пен жаңалық болса да,«біз» «консервативті революционер болуымыз қажет» деп есептейді. Яғни жаңазаман келсе де, «мәңгілік құндылықтарды талап етуге міндеттіміз». Бірақ Дугин бұлидеясының қаншалықты өміршең екеніне назар салмаған сияқты.
Постмодернизм ағымы туралы орыстілдіақпараттардан тыс, түпнұсқа тілдерден аударып, «Модерн. Постмодерн. Мәдениет»атты кітапты жарыққа шығарып, постмодерннің Қазақстанға қажеттігі туралы алғашайтқан қазақ философының бірі – Бекет Нұржанов. Ол өз кітабында: «Қазақстан үшінпостмодернизмнің көкейкестілігі, бәрінен бұрын, егер біз әлемдік қауымдастыққакеңестік державаның залалды бір сынығы емес, толыққанды мүшесі санатындаенгіміз келетін болса, бізге әлі постмодернизмді өткеруіміз, оны меңгеруіміз әріигеруіміз, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік үдерістерді талдауғапайдалануымыз керек», – деді. Тағы экономикамызды индустрияландырып, оныпостиндустрияландыруымызға, саясат пен қоғамдық болмысты демократияландырумен қатар,мәдениетті модернизациялау мен постмодернизациялауға аса керектігін баяндайды. Әрі «постмодерн» мәдениеттің жаңа қалпын якиөзге түрін, заманауи адамның соны дүниетанымын, коғамның жаңа кезеңін айғақтайтынынсөз ете келе, постмодернизмнің ешқашан өзектілігін жоғалтып ескірмейтінін,медиа коммуникацияны «желілік қоғамды» интернетті, ұлтшылдықты талдағанда ең бастытақырып болып қала беретінін айтты.
Бекет Нұржановтың философиялықкітабын заманауи, құнды классикалық туынды ретінде бағалап, ондағы зияткерлікке құралған мазмұнды ойларынқұнттап зерттеп, еліміздің өзіндік ұстанымын қалыптастыруда пайдалануымыз тиіс.
P.S. Біз көшпенді өркениетті қоғамнан советтік отырықшы қоғамғаалмасып, постсоветтік авторитарлы қоғамда симуляцияға, яғни түпнұсқасы жоқшындықтың көшірмесіне айналған «демократиялық» зайырлы республикада өмір сүреміз. Еліміз тәуелсіздігін алған сәттен бастап өзіміздібатысша модернизациялауға тырысқанымызбен, ақыры конституциялық құндылықтарымызды әлсіретіп, авторитарлы жүйеге жол салдық.Елімізде орта табы қалыптаспаған екі үлкен шекаралы кеңістік пайда болды. Мемлекетімізөркениетті ел болып қалыптасуға дайын болмай шықты. Діндердің күш алуы өз алдынақордаланып келе жатқан мәселе. Мәдени әлеуетіміз тойдың деңгейінен көтерілеалмай, академиялық өнер биліктің қолбаласына айналды. Әдебиетте аударма менжанрлық жаңалықтар дамудың орнына әсіредәстүршілдер мен кландық топтардың ықпалынабайланып, кері кетудің жаңа формасын жасады. Енді жаңарудың жаңа кезеңі келетінісекілді өмірден постжаңалықты, яғни қазіргіден кейінгі Қазақстанды асыға күтеміз.
Тілек Ырысбек
Коллаж ЖА