16:59, 05 Тамыз 2022
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

Премьер-министр Әлихан Смайылов жеке бизнес өкілдері, «Атамекен» ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысқан Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді, — деп хабарлайды Primeminister.kz баспасөз қызметі.
Отырыста Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық саясатының жобасы талқыланды.
«Біз үшін экономикалық өсім арқылы азаматтардың әл-ауқатының артуы, табысының өсуі маңызды. Бұл орайда экономикалық өсу тұрақты болуы керек. Осыған байланысты, бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар, барлық басқа сала да құрылымдалып, осы құжатта көрсетілген. Егер бизнес өкілдерінің нақты ұсыныстары болса, оларды ескеруге дайынбыз», — деді премьер-министр.