15:24, 29 Наурыз 2023
Премьер-министр кандидатурасы қашан ұсынылады?
Amanat партиясының төрағасы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партия еліміздің жаңа премьер-министрін қашан ұсынатыны туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Қошановтың айтуынша, бұл алдағы күндері – бейсенбі немесе жұма күндері болады.
"Қазір біз процедураны пысықтап жатырмыз, менің ойымша, оны Президент қатысатын кеңесте ұсынып, жалпы отырыста келісеміз", — деді Amanat партиясының төрағасы мәжіліс алаңында.