Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:39, 17 Қаңтар 2023

Премьер-министр Ұлытау облысының әкіміне тапсырма берді

None
None

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында «Ауыл — ел бесігі» ұлттық жобасына бөлінген қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында аталған өңір әкімдеріне нақты тапсырма берді.

«Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 2027-ші жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отыр.

Оған сәйкес, ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Біздің басты мақсатымыз — ауылдағы өмір сапасын жақсарту", — деді премьер-министр.

Тегтер: