Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 07 Қараша 2022

Президент Ақтаудағы құрылыс мәселесі туралы айтты

None
None

Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және Ақтаудың сәулеттік келбетіне назар аударды.

«Облыс тұрғындарын мазалайтын тағы бір мәселе – коммуналдық қызметтің сапасы. Қазір Ақтау қаласының инженерлік жүйесінің 75 пайызы ескірген. Үкіметке облыс орталығының инженерлік жүйесін қайта жабдықтауға қажетті қаражат бөлуді тапсырамын. Ақтау қаласындағы құрылыс мәселесіне арнайы тоқталғым келеді», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Ақтау қаласын еліміздің басты туризм орталығының бірі ретінде дамыту көзделіп отыр.

«Теңіз жағасындағы қала қазіргі заманғы озық талаптарға сай болуға тиіс. Облыс орталығындағы ескі үйлердің мәселесін шешу қажет. Қалада мұндай 280 үй бар. Үкіметке Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерді жаңғырту жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: