Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 14 Наурыз 2025

Президент балаларға жасалатын зорлық-зомбылықпен күресу үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді ұсынды

зорлық зомбылық
Фото: из открытых источников

Президент Ұлттық Құрылтай отырысында балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.

Тоқаев биыл балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және жасөспірімдер суицидінің алдын алу бойынша жоспарды жүзеге асыру аяқталатынын еске салды.

"Біз әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын қабылдадық. Өткен жылы барлық өңірлерде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталықтары ашылды. Заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заң қабылданғаннан кейін бұл саладағы жағдай айтарлықтай жақсарды. Дегенмен, кейбір шалғай аудандарда мұндай  фактілер әлі де тіркелуде.", - деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, жергілікті билік пен қоғам қайраткерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын ала алмай отыр.

"Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі уақытта әртүрлі құжаттармен реттеледі, жеткілікті түрде ұйымдастырылмаған. Сондықтан барлық шараларды "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы аясында шоғырландырған дұрыс деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев озық ұрпақ өсіру үшін білім мен бала тәрбиесі әрқашан қатар жүруі керек, деді.

«Ашығын айтсақ, бұған дейін біздің білім беру жүйемізде оқытуға көбірек көңіл бөлінсе, тәрбие саласы екінші орында, жүйелі көзқарас жоқ», - деді ол.

Бұған дейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалармен кездесулер туралы айтқан болатын. Омбудсменнің айтуынша, олардың көпшілігі болған жайды айтқан кезде өздеріне қарсы қылмыс жасалып жатқанын түсінбеген.