Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:47

«Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, сайлау екі ай ішінде өтуі тиіс» – Тоқаев

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы президентті қайта сайлау тәртібіне қатысты маңызды ұсыныс білдірді.

Президенттің айтуынша, қолданыстағы Конституцияға сәйкес, егер мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмайтындай күтпеген жағдай орын алса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Ал Сенат төрағасының да мемлекеттік басқару мүмкіндігі болмаған жағдайда, президенттік өкілеттік заңда белгіленген тәртіппен өзге лауазымды тұлғаларға өтеді.

«Сенат төрағасының мемлекеттік басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте мәселенің бәрі қалған мерзімге деген сөзге тіреледі. Осыны ерекше атап өткен жөн», - дейді Тоқаев.

Еске салайық, Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Бұған дейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы құрылтай барысында сөз сөйлеп, Қазақстанның алдағы дамуындағы негізгі бағыттарды айқындайтынын хабарлаған болатын.