Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, сайлау 7 күн ішінде жарияланады – Әділет министрі
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев президент қызметінен мерзімінен бұрын кеткен жағдайда сайлауды жариялауға 1 апта, ал оны өткізуге 2 ай уақыт берілуін ұсынды.
Министрдің айтуынша, сайлау Құрылтай шешімінен кейін екі айдан кешіктірілмей өткізілетін болады. Бұл тәртіп саяси үзілістерді өз пайдасына пайдалануға жол бермейді.
Айта кетейік, бұған дейін әділет министрі конституцияға вице-президент лауазымын енгізуге байланысты жаңа институттың міндеттері, шектеулері және мемлекеттік билік жүйесіндегі рөлі туралы айтып берді.
Министрдің айтуынша, вице-президент өкілетті органның депутаты бола алмайды, басқа да ақылы қызмет атқаруға, кәсіпкерлікпен айналысуға және саяси партия мүшесі болуға құқығы жоқ. Бұл шектеулер, әсіресе партияға мүше болмау, депутаттық мандат пен басқа да ақылы қызметке тыйым салу — еліміздің Негізгі заңында көзделген талаптарға ұқсас.
"Мұндай талаптар бұл лауазымның кәсіби әрі саясиланбаған сипатта болуын қамтамасыз етеді", - деді Сарсембаев.
Сонымен қатар, вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің сыртқы өкілдігін қамтамасыз етеді, биліктің негізгі институттарымен өзара әрекет етеді және азаматтық қоғаммен, ғылыми, мәдени және сараптамалық қауымдастықтармен диалогты дамытады. Бұл өкілеттіктер базалық сипатқа ие және қажет болған жағдайда Президент тарапынан нақтылануы мүмкін.
Вице-президент Президент өкілеттігін өз мойнына ала алмайтын жағдайда, бұл өкілеттік Құрылтай төрағасына өтеді, ал ол да мүмкін болмаса – Премьер-Министрге беріледі.