Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:41

Президент референдум өткізу мерзіміне қатысты пікір білдірді

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы конституциялық өзгерістердің ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде айтты.

Президенттің айтуынша, парламенттік реформа аясында бастапқыда негізгі заңның шамамен 40 бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер көлемі едәуір кең болатыны анықталған.

"2022 жылы Конституцияның 33 бабы жаңартылды. Ал алдағы өзгерістер бұдан да ауқымды болмақ. Шын мәнінде, біз жаңа Конституция қабылдауға тең қадамның алдында тұрмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Конституциялық комиссия құрылады

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдағанын айтты. Тиісті Президент Жарлығы ертең қол қойылады.

Комиссия құрамына 100-ден астам адам енеді. Олардың қатарында:

  • Ұлттық құрылтай мүшелері,
  • белгілі заңгерлер,
  • бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары,
  • мәслихат төрағалары,
  • қоғамдық кеңестердің өкілдері болады.

Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

"Комиссия барлық ұсынысты жан-жақты зерттеп, жүйелейді. Соның негізінде нақты өзгерістер жобасы әзірленеді. Тек содан кейін ғана жалпыұлттық референдум өткізу мерзімі айқындалады", - деп атап өтті Президент.

Айта кетейік, Қызылордада Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.