Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:36

Президент тапсырмасына сәйкес, энергетика саласында ЖИ технологиялары белсенді түрде қолданылуда

энергетика
Фото: ашық дереккөз

Жаңғыртудың ең маңызды бағыты – заманауи цифрлық шешімдерді енгізу. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында салада жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов атап өткендей, электр энергетикасындағы ЖИ бар дрондар электр желілерін жедел диагностикалауға, ақауларды анықтауға және оның алдын алуға көмектеседі.

«Жылу энергетикасында акустикалық резонансқа негізделген роботты кешендер құбырлардың күйін ішінен сканерлейді, бұл мақсатты жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Газ саласында есептегіштер көрсеткіштерін автоматты түрде танитын ЖИ көмекші табысты жұмыс істеуде»


— деді Е.Ақкенженов.

Тегтер: