11:21, 08 Ақпан 2022
Президент Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты
Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысының ережесін айтты.
«Былтыр ел экономикасы 4 пайызға өсті.
Бірақ, өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы өмірімізді түбегейлі өзгертті. Тәртіпсіздіктерден көп қазақстандық зардап шекті. Шағын және орта бизнес шығынға ұшырады. Кейінгі мәлімет бойынша, бизнеске 100 миллиард теңгеден астам шығын келген. Жаңа үкіметтің алдында ел экономикасын тұрақтандыру, сонымен қатар инфляцияны төмендету міндеті тұр. Бұл маңызды міндет», — деді Тоқаев.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы сөз кезегін премьер-министр Әлихан Смайыловқа берді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы баяндауы тиіс.