Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:25, 06 Сәуір 2022

Президенттік кадр резерві үмітті ақтай ма?

None
None

Президенттік кадр резервіне білімді, халқына пайдасы тиетін тың идеяларды жүзеге асыра алады деген, жанып тұрған жігерлі, білімді жастар таңдап алынуда.

Бұл жоба еліміздегі талантты жастар үшін таптырмайтын тың мүмкіндік болды. Соңғы жылдары елде президенттік жастар кадр резервін жасақтауға басымдық берілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы сайлауалды бағдарламасында президенттік жастар кадр резервін құрудың қажеттігі жөнінде мәлімдеген болатын-ды. Жобаның артықшылығы, ол  білімді, тәжірибелі жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесіндегі басшылық қызметке қабылдануға мүмкіндік береді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар бойынша бос орындар пайда болған кезде президенттік резервте тұрған жастардың кандидатуралары қаралады. Қазіргі таңда резервке жасы 35 тен аспаған, жоғары білімді, еңбек өтілі бес жылдан кем болмайтын Қазақстан азаматтары қабылданады. Сонымен қатар мұндай жастарға мемлекеттік тілді білу талабы да қойылады. Бұл, әрине, ең маңызды талап деп айтуға негіз бар. Ел болашағын қолына алатын жастардың білімді тәжірибелі болуымен қатар, ұлтқа қызмет етуде қандай қарым-қабілеті бар екендігі де назарға алынады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүргізіліп, мемлекеттік қызметке 50 резервші іріктелген-ді. Бұған дейін 2019 жылы мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторға 300 адам іріктелген болатын-ды. Қазіргі уақытта 350 резервшінің ішінен 219 үміткер жұмысқа қабылданған көрінеді.

Айта кету керек, президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінде жастарға талаптар қойылады. Мәселен, соңғы жылда іріктеу кезеңдеріне эссе жазу мен жобаны таныстырудың орнына ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттілікті бағалауға арналған мінездемелік сұхбат сияқты жаңа құралдар енгізілді. Бүгінде президенттік кадр резервіне іріктеуден өткен екі жүзден астам жастар жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалып, мемлекетке қызмет көрсетуде. Ел дамуына сүбелі үлес қосатын маңызды жұмыстарға білімді, білікті жастардың араласуы – ұлт болашағына ерекше серпін берері сөзсіз.

Тегтер: