Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:56, 18 Тамыз 2022

Президенттік кадр резервін әзірлеу – басты назарда

None
None

Мемлекеттің ертеңгі әлеуеті елдегі жастардың еншісінде. Бұл қалтықсыз аксиома. Ендеше, болашақта іргелі отанымыздың тағдырын білімді, дарынды, талантты көшбасшыны дайындау бүгінгі биліктің басты міндеті.

Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл орайда жастардың шешуші рөл атқаратынына басым назар аударуда. Осыған байланысты, мемлекет басшысы «Президенттің кадрлық резервін» жасақтады.

— Кадрлық резервке қабылданған үміткерлердің барлығы жоғары лауазымға тағайындалады деген түсінік жоқ. Олардың алдына белгілі критерийлер қойылған. Мәселен, президенттің кадрлық резервіне қабылданғандар Мемлекеттік басқару академиясында, сонымен қатар оның филиалдарында кәсіби әрі тұлғалық даму бойынша оқу курстарынан, тренингтерден өтеді. Тек, содан кейін өз қарымын көрсетуі керек, дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талант Медет.  

Қалай болғанда да, тың бастама талапты жастарға зор мүмкіндік болып отыр.

— Президенттің жастар кадрлық резервін құру туралы тапсырмасы ой өрісі кең, білімді, әрі парасатты жастарға қанат бітіреді. Мен де үкілеген үмітімді артып, байқауға құжатымды тапсырдым, дейді үміткер Нұргелді Омарханов.

Бүгінде республикадағы мемлекеттік басқару ісіне де жаңа моделдер қажет. Жаhандық талаптың үрдісіне сай қызмет ету, жоғарыдағы үміткерлерге қойылатын басты талап болып саналады. Ал сол көштен озық көрінген көшбасы келешекте елін өрге сүйрейтіні анық. Себебі, бүгінгі министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, ұлттық компания басшыларының орнын басатын президенттің кадрлық резервінен суырылып шыққан бірегей талантты жастар болмақ. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама меритория, ашықтық ұстамдары негізі арқылы мемлекеттік қызметке орналасу еліміздің жоғары билігіндегі мемлекеттік аппарат жұмысы мен мемлекеттік қызмет беделін жақсартуға ықпал ететін мамандар қабылдауға жол ашады. Мемлекет басшысының жаңа міндеті республикадағы кадр саясатын жаңа белеске көтеріп, әрі отандық билік тармақтарын демократиялық принциптерге сай үйлесуге әкелмек.  

Тегтер: