Президенттік жастар кадр резерві – жастарға мүмкіндік беретін жоба
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын жастар президенттік жастар кадр резервіне қатысып, іріктеліп отырады.
Бұл жастардың келешекке нық қадам басуымен қатар, президенттік саясатқа тек таңдаулы жастар қатыса алатындығын білдіреді.
Жалпы президенттік жастар кадр резерві деген не деген сұарққа тоқталсақ, бұл жоба еліміздің эконкомикалық әрі әлеуметтік жағынан дамуы үшін белсенді жастарды іріктеп алу деген мағынаны блдіреді. Яғни, бұл жобаға кез келген жас азаматтар қатыса алмайды. Тек қоғамдық ортада өзіндік айтар ойы бар, мотивациясы, кез келген салаға өзіндік үлесін қоса алатын белсенді жастар қатысып, іріктеледі. Ал президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысушыларға арнайы талаптар қарастырылған. Мәселен, қатысаушыларға қойылатын негізгі талаптың бірі біріншіден, ол Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет. Екіншіден, жасы 35-тен аспауы тиіс. Ал білімі мен жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы да негізгі талаптарға кіреді.
Сондай-ақ конкурсқа республика бойынша өңір-өңірлердегі жастар қатыса алады. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей Қазақстан Республикасының азаматы болуы міндетті. Ал конкурсқа қалай қатыса алады деген сұраққа келсек, қатысушы жастар ең алдымен pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы іріктеуден өтеді.
Егер резервтік іріктеуге толығымен сай келіп жатса, іріктеуден өте алады. Тағы бір ескеретін жайт, президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметкерлерге шектеулер қойылған. Одан бөлек, қатысушы жастар мемлекеттік қызметке тұру шартына сәйкес, жұмыс жасау қабілеті, ешқандай заңбұзушылыққа бармағандығы, яғни сыбайлас жемқорлыққа қатыспаған болуы шартты. Содан кейін барып, қатысушы үміткерлер мемлекет бекіткен арнайы тестілеуден өтеді. Тапсырылған тест арқылы қатысушы үміткердің мемлекеттік жұмыстарды қалай жасай алатындығы, сондай-ақ күрделі мәселелерге топтасқан мәтіндермен жұмыс істей алу және мәселелерді шеше алу қабілетін айқындайды. Әрі тестілеу арқылы үміткерлер теориялық жұмыстар мен сыдарлы ойлау қабілетін шыңдай алады. Қатысушы үміткердің білімінен бөлек, оның қоғамдағы көшбасшылық қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілеті, стратегиялық ойлау қабілеті де тексеріледі. Яғни, қатысушы үміткерлер арнайы эссе жазу арқылы қоғамға қосар ойы мен жоба-жоспарларын жаза алады. Сол арқылы қатысушы үміткердің грамматикалық сауаттылығы мен қатар ойлау өрісі, зияткерлігін, басқарушылық құзіреттілігін анықтай алады. Жоғарыдағы талаптардан өткен үміткерлермен жеке сұхбаттасу өткізіледі. Сұхбаттасудан сәтті өткен үміткерлерді сарапшылар ашық дауыс беру арқылы комиссиядан өткізгеннен соң, ұлттық комиссияға өткізіледі. Барлық ріктеуден сәтті өткен қатысушы үміткер комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау туралы шешім арқылы, конкурстан өтеді.
Осындай мүмкіндіктер жастардың ынталаныуына, алға жылжуына, әрі мемлекетте өзіндік көзқарасын қалыптастырып, билікке араласуына көп жағдай жасайды. Президенттік жастар кадр резерві 5 кезең бойынша іріктеуден өткізіліп, алдыңғы қатардан топты жарып шыққан 300 үміткер ғана іріктеуден өте алады. Ал іріктеу уақыты 1 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығыда өткізіледі. Тағы бір айта кететін жайт, қатысушы үміткерлердің барлығы мемлекеттік тілді В1 деңгейінде білуі маңызды саналады.
Осы уақытқа дейін Президенттік жастар кадр резервіне елу үміткер қабылданған болатын. Талдау нәтижесінде, резервшілердің алпыс екі пайызының шетелдік озық біліма бар, отыз сегіз пайызының Қазақстандағы білімі бар және магистр білімі барлар да қабылданған болатын. Бұл болашаққа ынталы, өзіндік айтар ойы мен идеясы қалыптасқан жастардың көбейгенін білдіреді. Жастардың ынтасына қарай, Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Қазақстанда жоғары білімді әрі білікті жастардың саны артып келеді. Және олардың көбі уақыт өте еліміздің жаңа озық көшбасшыларының қатарын толықтыра алады. менің бастамама сәйкес, Президенттік жастар кадр резерві осы істің айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам сұранысына бағытталған басшыларды іріктеуге ерекше мән береміз. Билікте отырған әрбір адам ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек» деп баға берген болатын.
Ел президенті айтқандай, шынында бәсекеге қабілетті жастар өсіп келеді. Ал жастардың ынталануы үшін ең басты әрі сәтті жоба Президенттік жастар кадр резерві болып табылады.