Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:07, 16 Ақпан 2023

Президенттік жастар кадр резерві жемісін берген жоба

None
None

Мемлекеттік саясаттың ішінде Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы деген жоба бар.

Бағдарлама биыл да жалғасатын табатын болады. Мұндай сүйінші хабарды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы айтқан болатын. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, аталмыш бағдарлама арқылы жоғары білім алған жастардың мемлекеттік басқару ісіне қызметке орналасуына жасалған жақсы орай. Мұны солай айтуға болады.

Сонымен, Президенттік жастар кадр резерві деген не? Президенттік жастар кадр резерві дегеніміз – Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне еңбек сіңіремін деген жастарға берілген мүмкіндік. Президенттік жастар кадрлық резервін құрудың қажеттілігін осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2019 жылы президент Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында айтып, енгізген-ді. Тоқаев кадрлық резервтің жастар саясаты үшін өте тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы керек екенін алға тартқан болатын сол кезде.

Аталмыш жоба биыл да күзге қарай жалғасын табады. Қазірдің өзінде іріктеуден өткен сақадай-сай 350 адам дайын тұр. Дайын тұр деген бергі жағы, әлгі 350 кадрдың 74 пайызы, айталық 258 адам әртүрлі лауазымды қызметтерге бекітіліп қойған. Қазіргі таңда жоба аймақтарда да қолға алынуда. Өңірлік резервтер құрылғанын айта кетейік. Оған іріктеуден өткен жас шамалары 35-ке дейінгі, жоғары білім алған, сондай-ақ мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс жасаған азаматтар қатыса алады. 

Мойындау керек, мемлекеттік аппараттарда жаңа буын қалыптасып келе жатыр. Резервтер ең алдымен солар үшін керек! Дегенмен кейбір жағдайларға байланысты іріктеліп алынған жастардың резервтен шығарылатындары да болады. Олар қандай жағдайда резервтен шығарылуы мүмкін?  

Д.Жазықбаевтың айтуынша, аталмыш агенттік президенттік жастар кадрлық резервтерін үнемі жетілдіру жұмыстарын жүргізіп, дамытып отыр. Сонымен бірге өткен жылдың соңында іріктелген резервтен шығару тәртібін қарастыратын арнайы жарлық қабылданған еді. Резервтен шығару тәртібі бойынша іріктеуден өткен азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда немесе мемлекетке, қоғамға теріс қылық көрсеткен кезде іске асырылады.

 Президент жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев бізге берген сұхбатында қоғамның жаңаруымен бірге, мемлекет те, мемлекетке қызмет ететін кадрлар да жаңыруы керек деген пікір айтты. Қазақстан халқының тең жартысынан көбі – жастар. Сондықтан жастар мәселесі қоғамда өзекті болуға тиіс. Оның ішінде кадрлық резервтің іріктеуінен өткен жастар үшін мемлекет пен қоғам алдындағы міндет екі есе ауыр болуы керек. А.Құрмашевтің айтуынша, Президенттік кадрлық резерв жемісін берген, беріп жатқан жоба. Мысалы, тағайындалған кейбір жас министрлер – Президенттің кадрлық резервінен шыққан қызметкерлер екенін айта кетейік.

Тегтер: