Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 21 Ақпан 2023

Президенттің кадрлық резервіне іріктеу жемісін бере ме?

None
None

Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу 2023 жылы өтеді.

Осы жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев:

— Биыл біз Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өткіземіз. Мойындау керек, резервшілерді жұмысқа алуда түрлі қиындықтар туындауда. Кейбір мемлекеттік органдарда 10 резервші тағайындалды, басқа органдарда бірде-бір қызметкер жоқ. Әлеуметтік маңызы бар салаларда – денсаулық сақтау, энергетика, білім беру салаларында резервтердің саны тым аз. Осыған байланысты біз резервтің салалық топтарын қарастырамыз. Кандидаттармен әңгімелесу салалық мемлекеттік органдар мен мамандардың міндетті түрде қатысуымен өтеді, — деді Дархан Жазықбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірлерге дарынды жастарды тартуға көп көңіл бөлінуде. Еліміздің барлық аймақтарында өңірлік жастар кадрлық резервтерін құру жоспарлануда. Д. Жазықбаев желтоқсан айында резервтен шығару тәртібін қарастыратын қаулы қабылданғанын да атап өтті.

«Резервтен шығару басқа елдің азаматтығын алған, азаматтығынан айырылған және келеңсіз себептермен жұмыстан шығарылған кезде жүзеге асырылады. Республиканың барлық аймақтарында өңірлік жастар кадрлық резервтері құрылады. Жасы 35-тен аспайтын жастар. жоғары білімі, сондай-ақ кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы шарт. Бұл өңірлерден келетін жастар үшін әлеуметтік лифтке айналады. Қазіргі уақытта заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және өңірлік резервке өзгерістер енгізуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде», — деп толықтырды ол.

Қазақстанда алғаш рет 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу ұйымдастырылды. Резервист Олжас Сакенов бұл жөнінде былай деп өз пікірімен бөлісті:

— Президенттік кадрлық резерв жобасының маңызы ерекше. Бұл бастама мемлекет үшін де, жастар үшін де қолайлы әрі тиімді, себебі кез келген қызметке келген жастар жұмысқа жаңалық әкеледі. Бұл әсіресе жеке секторға қатысты. Мысалы, кадрлық резервке түскен жастардың 30%-ға жуығы жеке секторда, халықаралық компанияларда жұмыс істеген немесе жұмыс істеп жатыр. Олар мемлекеттік қызметке келсе, алған тәжірибесін еліміздің, халқымыздың болашағы үшін жұмсайды. Бұл бағдарлама жастарға да қолайлы. Яғни, өз ойымызды ортаға салып, тәжірибемізді пайдалануға үлкен мүмкіндік ашылды. Бұл жобаны «әлеуметтік лифт» ретінде де қарастыруға болады. Жоғары лауазымдарға әдетте мемлекеттік қызметтегі тәжірибе қажет, ал дарындар қоры жеке секторда жұмыс істейтін адамдарға осы саланы сынап көруге мүмкіндік береді. Соның арқасында жаңа жұмыс әдістерін, жаңа өзгерістерді енгізуге мүмкіндік туады. Кадрлық резервке түскен шығармашыл жастардың еңбегі жемісін беретініне сенімдімін.

Тегтер: