Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:44, 07 Желтоқсан 2018

Президенттің қызы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қаулысымен, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды.
Бұл туралы «Жас Алаш» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.2018 жылғы мемлекеттік сыйлықты әдебиет бойынша Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМ (Алқоңыр дүние), Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА (Ана сыры) иеленді. Және президент әкімшілігінде еңбек ететін ақын Өтеген ОРАЛБАЕВҚА «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілді.«Абай» операсын үшін Төлеубек ӘЛПИЕВ, Алан БӨРІБАЕВ, Сүндет БАЙҒОЖИНГЕ берілсе, «Анаға апарар жол» фильмі үшін Ақан САТАЕВ, Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Алтынай НӨГЕРБЕК, Әділ АХМЕТОВ және президенттің қызы Әлия НАЗАРБАЕВА да  еліміздегі ең жоғарғы сыйлықты иемденді.Фото: azattyq.org
Тегтер: