11:30, 16 Ақпан 2023
Прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады
Прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруға әрекет жасап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Pioneer Capital Invest ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы First Heartland Jusan Bank АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қозғаған.