Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 15 Қазан 2024

Прокуратура Шерзат Болаттың өліміне қатысты соттың ашық өтуін сұрайды

п
Фото: zakon.kz

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеп-тексеру барысы туралы брифингте қадағалау органы сот процесін ашық түрде онлайн өткізуге өтініш беретінін айтты.

«Зардап шеккен тарап ашық сот процесі туралы көп айтып жатыр. Тергеу барысында ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Прокуратура сот процесін онлайн режимде ашық өткізуді сұрайды», - деді прокурор.

Прокуратураның мәліметінше, зардап шеккен отбасы тәулік бойы күзетке алынды.

Мен олардың жағдайын түсінемін және сабыр сақтауға шақырамын. Қорытынды жасауға асықпау керек. Сарапшылардың нәтижелерін күтіп, тергеу тобына үйді өртеген адамдарды анықтау үшін барлық қажетті шараларды толық көлемде жүргізуге мүмкіндік беру қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпарат толқынына назар аудартқым келеді. Кейбіреулер митингке шақырып, жағдайды ушықтыруға тырысуда. Бұл біздің жұмысымызға кедергі келтіреді, сондықтан барлық адамдарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және сабыр сақтауға шақырамын. Қылмыстық істерді тергеу барысын жеке өзім үйлестіремін, Бас прокурор бақылауында ұстап отыр, - деді Адамов.